№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АЖЫРАСУ ІНДЕТ ПЕ, ӘЛДЕ МІНДЕТ ПЕ?

АЖЫРАСУ ІНДЕТ ПЕ, ӘЛДЕ МІНДЕТ ПЕ?


Арал аудандық «Толқын» газетінің кезекті санындағы «Қоғамда ажырасу неге асқынып тұр?» деген тақырыпта ой салар мақаланы көзім шалып қалды. Бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселені қозғаған аудандық басылымның айтары түсінікті, мақаланың көтерер жүгі ауыр. Оның ішіндегі құнды деректер мәселенің өзегін көрсетті. «Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылы Арал ауданы бойынша некеге тіркелгендер саны 500-ге жетсе, сол некені заң жүзінде бұзғандар саны 160 тан асып кеткен. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда ажырасудың деңгейінің жоғарылап кеткенін көруге болады.
Ал, бұл мәселе біздің ауданда қалыпты ма деген ойда былтырғы жылғы көрсеткіштерді парақтауға тура келді. Алайда, көңіл көншітетін ештеңе көрмедік. Бізде некеге тұрғандардың саны 564 болса, ал, неке бұзғандардың саны 234-ті көрсетті. Ал, 2018 жылдың қаңтар айында некеге тұрғандар 36 болса, соның тең жартысы ажырасуға арызданған. Берілген мәліметті растаған мекеменің бас маманы Гүлнар Абдуллаева бұл жағдайдың өте өзекті екенін алға тартады.
– Заңды некені бұзуға келетіндердің дені жас­тар. Кейде жаның ашиды, себебі ортадағы баланы ойлап жатқан ешкім де жоқ. Ал, біздің қолдан келетіні тек ақыл айтумен ғана шектелу. Ата-ананың өсиетін, ақылын тыңдамаған бала бізді тыңдайтыны екіталай. Сонда да аналық пейілімізді жеткізіп, өмірлік тәжірибемізбен бөлісуге тырысамыз, – деді сала маманы. Иә, білікті маман сөзінің жаны бар. Шындығы сол, қазір отбасындағы сақталар құндылықтардың маңызы қалмай бара жатқан тәрізді. Солардың бірі әлеуметтік мәселені алға тартса, енді бірі соңғы кездері кеңінен етек жая бастаған ғаламторлық байланыстардың жұптар арасындағы татулыққа тыныштық бермей келетінін жасырмады. Салдары көре алмаушылық, қызғаншақтық, түсініспеушілік сынды енжар қылықтарға алып келуде. Арыз бергендердің басым бөлігі «мінезіміздің жараспауына байланысты» деп өз әрекеттеріне түсінік бермек болады екен. Иә, өмірде бәрі адамның өзі қалағанындай бола бермейді. Кенеттен кикілжің басталып, шарасыздықтан ажырасып жатады. Үйленгендердің ошағының ортасына түсуі соңғы жылдары тым көбейіп бара жатқанын көпшілік жаһанданудан келген бір жаңалық деп баға беріп жатыр.
Кім ажыраспай жатыр? Міне, осы сөз бізді құртатыны. Тіккен отаудың тас-талқан болуына кім кінәлі? Қайсысына кінә артамыз? Ересек деп таныған адамдарымыздың отбасы ұғымын осыншалықты жеңіл қабылдайтыны неліктен? Бір-біріне үміт артып, сенім жүгін арқалаған жандардың «қымбатты сезіммен» лезде суынып кеткені ме?! Сараптамалық қорытынды бойынша елде 30 пайыздан астам шаңырақ «шағын мемлекет» атты мәртебесінен айырылып қалып жатыр.
Түйіндей айтқанда, сананы тұрмыс билеген осы күнде бесіктегі баланың болашағына бей-жай қарайтындар көбейді. Сондықтан, адал жар, ақ жаулықты ана болудағы жауапкершіліктің жүгі ауыр екенін ескерсек, жаңадан көтерген шаңырақты сақтап қалу екінің бірінің қолынан келе қоймасы белгілі болып қалды. Сол үшін ауызбіршілік пен татулықтың дәнекері болатын кішкентай сәбилердің де ертеңіне сызат түсірмеуіміз қажет...
27 ақпан 2018 ж. 1 535 0