ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ізбасары
Моңғолияға еңбек сіңірген спортшы, Қазақстанның құрметті спорт қайраткері, еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, моңғол ұлттық күресінен мемлекеттік «Қаршыға» дәрежелі балуаны, Моңғолия – қазақ күрес федерациясының төрағасы Бақыт Одынайұлы Жаңақорғанға келді дегенді естіп, ол кісі аялдаған жерге арнайы бас сұқтық.
– Тарихи отанға қош келдіңіз! Ассалаумағалейкум!
– Қош көрдік! Уағалейкумсалам!
– Жаңақорған жеріне тұңғыш аяқ басып тұрсыз ба?
– Иә.
– Сыр бойына келгенде қандай күйде болдыңыз?
– Қаратау мен Сырдарияда үш жүздің басы қосылып, бір-біріне құшақ жая, төс қағыстырған киелі атақоныс. Сондықтан «Жаңақорғанды тарихи жер» деп білемін. Жалпы, Жаңақорған топырағы бойыма ерекше ерік-жігер, күш-қуат бергендей.
– Қандай мақсатпен келдіңіз?
– Бақытын еңбектен тауып, ауыл-аймағына сыйы артқан Машбек Сапарбайұлы ақсақалды еске алатын халықаралық турнирге қатысуға келдік. Оныншы рет өтетін халықаралық турнирде шәкіртім Давааням Алтангерел бақ сынайды.
– Мәшбек Нәлібаев жайлы хабарыңыз мол болар?
– Ол кісі еңбек адамы екенін газеттерден оқығанмын. Жалпы, «Құрмет» белгісі орденінің иегері болу әркімнің қолынан келетін тірлік емес.
– Сіздің айтқаныңыз «Еуразия Барысында» күрескен Давааням ба?
– Иә, дәл өзі.
– Аға, сіздің спорттық өмір жолыңызды оқырманға жақынырақ таныстыра кетсек. Спортқа қалай келдіңіз?
– 1971 жылы 10 жылдық орта мектепті бітіргеннен кейін оқуға түсе алмадым. Ұлан-батырда апа-жездем тұратын. Көп ойланып, Астанаға жол тарттым. Алайда мені институт әкімшілігі қабылдамады. Сосын апам: «тіл үйрен, елмен таныс», деп өзі жұмыс істейтін ұн өндірісіне «электриктің көмекшісі» етіп, жұмысқа орналасуыма жәрдем берді. Менің сорайған бойымды көріп, өндірістің волейбол командасының жаттықтырушысы шақырып алды да, доп ойнауымды талап етті.
– Яғни, спорттық жолыңыз волейболдан басталды ғой!
– Иә. Спорттағы алғашқы медальді осы волейболдан алдым. 1973 жылы жастар арасындағы республикалық біріншілікте біздің команда жүлделі үшінші орынға ие болды.
– Ал, күреске қалай келдіңіз?
– Күресті 20 жасымда бастадым. 1974 жылы еркін күрес залының есігін аштым. Спортқа бейім болғандықтан болар күреске қатысқан екі ай ішінде ел чемпионы атандым (жастар арасындағы біріншілікте 84 келі салмақта). Араға бірнеше ай салып, Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласында өткен «Олимпиада үміттері» атты халықаралық сайыста дара шықтым. Осылай менің күрестегі жолым басталды.
1976 жылы ересектер арасындағы ел біріншілігіне Бай-өлке аймағы атынан қатыстым. Моңғол балуандары намысшыл келеді. Олар өз елінде өзге ұлттың өкілінен жеңілуді құп көрмейді. Мен қола медаль үшін Батшулун деген балуанмен кездестім. Белдесу өте тартысты өтті. Алайда төреші менің қолымды көтерді.
Жалпы, сегіз негізгі, екі жыл қосалқы құрама сапында өнер көрсеттім.
– Қателеспесем, 1980 жылы өткен Мәскеу Олимпиадасына қатыстыңыз...
– Моңғолияның атынан ХХІІ Олимпиадалық ойынында аса ауыр салмақта белдестім. 100 келіден жоғары салмақта әлемнің 33 елінің 151 палуаны қатысты. Ғаламның кіл мықтылары жиналған додада төрт айналым күрестім.
Менің жолымды КСРО намысын қорғаған Сослан Андиев кесті. Ол алтынды қанжығасына байласа, мен бесінші орынға тұрақтадым.
– Моңғолияның намысын қорғаған алып Әлем чемпионатында қалай өнер көрсетті?
– Жеңіс қажырлы еңбекпен келетін нәрсе. Бапкердің үйреткен әдіс-тәсіліне мұқият зер салып, көп тер төгудің арқасында 1981-1987 жылдары аралығында өткен төрт Әлем чемпионатына қатыстым. 1986 жылы кіші қола медаль, 1986 жылы Мәскеуде өткен «Ізгі ниет ойындарында» төртінші орынға тұрақтадым. 1981 жылы АҚШ-тың Толидо штатында әлем кубогының үшінші сатысына көтерілдім.
– Аға, әлем кубогының қола медалі қалай келді?
– Бұл медаль намысты байрақ етумен келді.
– Бұл қалай болғаны?
– Ол кезде бүгінгідей командалар бетпе-бет күресіп, есеп айырыспайтын. Әрбір салмақтағы балуандардың жекелей көрсеткіші бойынша команданың ұпайы есептелетін. Содан жарыс басталды. Ақтық күні біздің команданың ұпайы тағы бір командамен тең екен. Күреспеген аса ауыр салмақтағы балуандар ғана қалған. Соңғы салмақтың жүгі тым ауыр болды. Мен жеңсем қола біздікі болмақ. Бұған дейін Моңғолия балуандарына мұндай мүмкіндік болмаған-тұғын. Командаластарымның жанарынан: «Бақыт, бізді жерге қаратпа!» дегенді оқыдым. Осылай намысты арқалап, кілемге шықтым. Не керек, жеңісті қолдан бермедім. Нәтижесінде Кеңес одағы балуандары бірінші, америкалықтар екінші, Моңғолияның құрамасы үшінші орынға иелік етті. Әлем кубогының қола медалын осылай алғанмын.
– Жаңа 1986 жылы Әлем чемпионатында кіші қола медаль алдым дедіңіз. Осы оқиғаны тарқата айтсаңыз...
– 1986 жылғы әлем біріншілігі Будапештте (Венгрия) өтті. Мен 120 келіден жоғары салмақта күш сынадым. Алыптар айқасында АҚШ балуаны Брюс Баугартнер үздік шықты. Екінші орынға кеңес елінің балуаны Дэвид Гобежишвили ие болды. Ал, үшінші орынға шыққан германиялық балуан Адреас Чордер екеуміздің ұпайымыз тең болды. Сөйтіп А.Чордер қола медаль алды да, маған кіші қола медаль бұйырды. Осы жетістігім үшін маған «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағы берілді.
– Моңғол ұлтық күресінен ел чемпионы болған балуанға үлкен құрмет көрсетеді дейді.
– Ол рас сөз.
– Сіз моңғол күресінен де олжа алған шығарсыз?
– 1974-1975, 1979-1980 жылдары төрт мәрте моңғол ұлттық күресінен (бөк) чемпион атандым. 10 рет күміс, төрт рет қола алдым. Маған Моңғолия президенті «Қаршыға» деген атақ берді. Бұл өте мәртебелі атақ.
– Ең мәртебелі атақ «Қаршыға» ма?
– Жоқ, одан жоғарысы да бар. Бұл жерде бар мәселе Мемлекет президентінің өз қолымен тапсыруында. Бейжің Олимпиадасында чемпион атанған Найданға «Халық батыры» деген атақ берді. Ол үлкен мәртебе.
– Әлемдік талай додаға қатыстыңыз. Отандастарыңызбен жолығудың реті келген болар?
– Жақсылық Үшкемпіров, Шәміл Серіков сынды қазақ балуандарын жарыстарда көріп жүрдім. Алайда ол кезде жақын араласудың жолы келмейтін. 1981 жылы Тбилисиде «А» кластық халықаралық турнирге қатыстым. Сонда әйгілі кино режиссер Сұлтан-Ахмет Қожықовпен кездесудің сәті түсті. «Қыз Жібек» фильмін түсірген режиссер мені жылы қабылдап: «Ай, бауырым-ай! Балуаным-ай! Батырым-ай! Моңғолда да бір мықты азаматымыз бар екенін көріп, құшақтайыншы деп келдім. Қазағымның атын шығарып, намысын қорғап жүрген, бауырым келші!», – деген еді.
Сұлтан аға сонда: «Қыз Жібек» арқылы қазақтың қызын таныттым. Ендігі арманым Қажымұқан арқылы ұлын мәжһүрлеу. Киноның алғашқы әзірліктері басталып кетті. Сен бауырым мүмкін болса осы киноға қатыс», – деп кетіп еді. Дегенмен С.Қожықовпен одан кейін жолығудың реті түспеді.
– Қазір Моңғолияда спортың жекпе-жек түрі қарыштап дамуда. Тіптен, бүгінде «моңғол балуаны келе жатыр» деген сөзді жиі еститін болдық. Мұның сыры неде?
– Шыңғысхан заманынан жігіттің асау үйретіп, ат құлағында ойнауына аса мән береді. Атқа қонған азаматтың садақ атқызып, балуандар күресіне салып жігерін, күшін, намысын қайрап отырған. Осы дәстүр бүгінде жалғасын табуда.
Оның үстіне, онда тек табиғи өнімді (тамақ, су және т.б.) пайдаланудың әсері де бар. Мәселен, сіздер секілді олар малды қораға ұстап, жем-шөп бермейді. Қысы қатаң әрі суық өлкедегі түліктер өмірге әбден бейімделіп, тек мықтылары тірі қалады. Міне, олар сондай табиғи сынақтан өткен малдың өнімін тұтынады.
Жалпы, моңғол спортшылары мығым әрі төзімді, дене күші зор болып келеді.
– Енді аз-кем шәкіртіңіз жайлы айта кетсеңіз...
– Давааням Алтангерелдің әдіс-тәсілі толығып, нағыз бабында жүрген спортшы. Ол белбеу күресінен әлем чемпионы, дзюдодан құрлықтық біріншілікте күміс алқа тағынған. Сонымен қоса самбо мен қазақ күресінен Моңғолия чемпионы. Қазақстанда Қажымұқан атындағы халықаралық турнирді екі рет ұтты.
– Шәкіртіңіз Машбек Нәлібаев атындағы халықаралық турнирде үздік шығуға мүмкіндігі бар ма?
– Оны кілем көрсетеді. Давааням Б.Ыстыбаев, А.Нұғманов, М.Тұрсынов және т.б. белді балуандармен күресіп, бірде жеңіліп, бірде жеңіп жүрген балуан. Сондықтан бап шаба ма, бақ шаба ма; оны жарыста көреміз.
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.