№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ АСТАНАДА ӨТЕДІ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ АСТАНАДА ӨТЕДІ


Қазақ күресінен Азия чемпионаты 26 тамыз күні Астанада өтеді. Жарысқа 10-нан астам мемлекеттен 80-ге жуық балуан қатысады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық қазақ күресі федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі күні Жапония, Өзбекстан, Тәжікістан мен Моңғолия елдерінің спортшылары чемпионатқа қатысатынын растады. Сонымен қатар, Иран, Пәкістан, Үндістан елдері де өз балуандарын дайындап жатыр. Жарыс тоғыз салмақ дәрежесінде және абсолюттік салмақта өтеді.
«Федерациямыздың негізгі мақсаты - спортшылар мен осы спорт түріне қызығатындардың басын біріктіру, қазақ күресінің тек біздің елде ғана емес, шетелде де дамуына үлес қосу және үздік спорттық жетістіктерге жетуге ықпал ету. Жарты жылдың ішінде біз халықаралық қазақ күресі чемпионатын өткізіп үлгердік. Оған 40 мемлекеттің спортшылары қатысты. Жуырда ғана Грузияның Батуми қаласында қазақ күресінен Еуропа чемпионатын ұйымдастырдық. Оған Еуропаның 24 мемлекетінен балуандар келді. Алдағы уақытта, яғни 26 тамыз күні Астана қаласында Азия чемпионаты өтеді», - деді Халықаралық қазақ күресі федерациясының бас хатшысы әрі кеңесшісі Ұлан Рысқұл.
24 шілде 2018 ж. 1 031 0