ТИМУР ЕГІЗБАЕВ ТУРНИРІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Қызылорда қаласында КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тимур Сегізбаев атында футболдан 2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды. Биыл оныншы мәрте ұйымдастырылған турнирге Оңтүстік Қазақстан (Кентау қ.) және Қызылорда облыстарынан 9 команда 150 спортшы сынға түсті.
Турнир нәтижесінде Қазалы ауданының командасы көш бастаса, екінші орынды Қызылорда облысының №6 футбол жөніндегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі, үшінші орынды Жаңақорған ауданының командалары иеленді.
Жарыста «Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Рысбек Тәңірберген (Қазалы), «Үздік қорғаушы» Нұрсәт Байсалов (Қызылорда), «Үздік жартылай қорғаушы» Тоқтар Божамбай (Кентау), «Үздік шабуылшы» Еламан Қасен (Жаңақорған), «Үздік ойыншы» Диас Қайратбек (Қазалы) марапатталды.