№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жаңаша бағытта ізденіп жүретін Ақмарал Абуова

Жаңаша бағытта ізденіп жүретін Ақмарал Абуова

    Ақмарал Абуованы оқушыларға сапалы білім беруге деген жауапкершілігі әдеттегідей мектепке ерте келуге жетеледі.
   Оның үстіне, «Шежіре» үйірмесіндегілерге Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ашық сабақты мазмұнды өткізу керек. Ойында мемлекеттілікті қалыптастыруда еңбегі зор Қасым ханның қайраткерлік болмыс-бітімін, ұйымдастырушылық қабілет-қарымын ашып, балаларға түсіндіру. Бұл ойы түнгі ұйқысын төрт бөлген де еді. Бойындағы үрейді сабырмен, ойдағы сан сұрақтың жауабын «Аруна» баспасынан «Қазақ хандығы кезеңі» топтамасымен шыққан кітапты парақтап, іздей бастады. Оның тарихқа деген ынтызарлығы, оқушыға қалай болғанда да көп мағлұмат беруге деген талабы – кітапқа ұзақ көз салуына итермеледі...
– Керей мен Жәнібек хандықтың шаңырағын тікті. Ал, Қасым хан мемлекеттілік бекіп, айбарлы елге айналуда көп күш салды, – деп бастады Ақмарал Сапарғалиқызы ашық сабақты.
Одан ары: «Тарихи деректерден, Қасым ханның алғашында тақсыз-ақ елді басқарғанын аңғарамыз. ХV ғасыр басында Мауренахрды бағындырып, үлкен күшке ие болған Мұхаммед Шайбани хан 1506-1510 жылы төрт рет қазақтарға жорық жасайды. Бұрындық хан Шайбани ханның алғашқы үш жорығына тойтарыс бере алмайды. Осы себепті оның беделі төмендейді. Ал жазба деректерде «бұл кезде Қасым билікте болмаса да, оның беделі ханнан да күшті болды» және «өзін дербес ұстау үшін Бұрындық ханнан алыста көшіп-қонып жүрді» делінеді. Яғни, хандық билік Бұрындықта болғанымен, қазақ әскерінің қолбасшысы болған Қасым сұлтан шайбанилықтармен болған шайқастарда даралығымен көзге түседі.
1510 жылы Шайбани ханның соңғы, төртінші жорығы Ұлытау өңіріндегі Қасым ханның ұлысына бағыттайды. Хан Ордада аз күш қалдырып, негізгі күшін кейін шегіндіреді. Оңай жеңіске масаттанған жау қаннен-қаперсіз бірнеше күн бойы Ордада тойлайды. Осы тұста Қасым хан батырларын қарсы шабуылға шығарады. Қазақтардан мұндай қарсы әрекетті күтпеген жау әскері ешқандай қарсылық көрсете алмай, бас-сауғалап қашуға мәжбүр болады. Қазақтар жауын Ұлытаудан Сыр өңіріне дейін қуып, Сығанақ түбінде тас-талқан етеді. Осы жеңістен соң, Мұхаммед Хайдар Дулати айтқандай: «Қасым ханның күшінің өскендігі соншалықты, Бұрындық хан туралы ешкім де ойламады», және «хандықты басқару мен ондағы бүкіл билікті қолына алды», – деп мәлімет берді ұстаз.
Қасым ханның тарихи рөлі, не себепті заң-жоралғы «Қасқа жол?» деп аталғанын егжей-тегжей түсіндіріп, оқушылардың хандықтың құрылу кезеңіне саясат жасауына жағдай жасағандай болды. Бір сөзбен айтқанда, ұлағатты ұстаз жастардың тарихи санасын арттырып, қазақтану ілімін зерделеуге мүмкіндік жасап жүр.
   Жаңаша бағытта ізденіп жүретін А.Абуова: «Атам Әбу Түркістанда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша ілім септі. Ал, әкем Сапарғали орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді. Атадан келе жатқан ұстаздық міндетті 11 ұл-қыздың жетеуі абыроймен атқарып келеді. Одан бөлек, немере ағам Жұмағали мен Сағынғали елге белгілі ғалымдар», – деп ұстаздар династиясының өкілі екенін айтты.
Орта бойлы, аққұба өңді, жарқын мінезді ұстаз өзінің жүріс-тұрысымен де көпке үлгі. Оның терең де ойлы көзінен тазалықты, адалдықты, адамгершілікті ұғасыз.
Ұстаз ұзақ үнсіздікті бұзып:
– Қазақстан тарихы ҰБТ бойынша негізгі пәнге жатады. Осы жауапкершілікті ақтау үшін еңбек етудеміз. Мен ҰБТ дайындағанда тестпен дайындағанды құп көрмеймін. Оқушыға теориялық білім беруге тырысам. Себебі негізгі білімі бар оқушы кез-келген логикалық сұраққа дұрыс жауап бере алады. Яғни, тарихтың кезең-кезеңі бойынша білім берген дұрыс.
Осы әдіс бойынша дайындағандықтан болар, 2011-2012 оқу жылы үш оқушым Қазақстан тарихы бойынша 25 баллды жинады. Былтырғы жеті оқушының үшеуі тест қорытындысы бойынша бес алды, – деді.
Иә, ұстаздыққа жиырма жылдан астам уақытын арнаған Ақмаралдың шәкірттері талай белесті бағындырып үлгерген. Атап айтқанда, Дана Мырзахан Қазақстан тарихынан екі жыл қатарынан аудандық олимпиадада бірінші орын алыпты. Олжас Ерахан облыстық колледж студенттері мен лиций, мектеп оқушылары арасында өткізілген «Үздік жас ғалым» ғылыми жұмыстар конкурсында «Сауран қаласын туризм орталығына айналдыру» тақырыбында ғылыми жобаны сәтті қорғап, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ұлы әрі оқушысы Аяз Ықтияр 9-сыныптан кейін Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне ауданнан тұңғыш түсіп, дарындылар ордасын үздік бітіріпті.
«Тәлімгерлерге отарлау кезеңінің жағымды, жағымсыз жақтарын терең түсіндіруге тырысам. Себебі бір жағынан білім мекемелері көптеп ашылып, қазақ жастары Ленинград, Мәскеу және т.б. қалаларда жоғары білім алуға мүмкіндік туды. Екінші жағы алаш қайраткерлерін жазықсыз жазалады. Соның нәтижесінде қазақтың сана серпілісі бояулап қалды. Кейде Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов бастаған қайраткерлер атылмай, елге 10-15 жыл қызмет еткенде бүгінде Жапонияның деңгейінді тұрар ма едік?», – деп азаматық пікірін білдірді.
«Жалпы №247 мектептің соңғы жылдардағы жетістігі талапшыл, кәсіби білім-білігі жоғары директордың арқасында келді. Ол кісі сабақтарға қатысып, ұстаздың мазмұнды білім беруін қадағалайды. Сондай-ақ, директордың білім жөніндегі орынбасары Темірхан Кенбай еңбегі де ерен», – дейді ұстаз.
География-биология пәнінен сабақ беретін Бағдат Алтенова: «Ақмарал үнемі ізденіс үстінде жүреді. Қолынан «Аңыз адам» журналының нөмірлері түспейді. Сондай-ақ «Қазақ тарихи» журналына (ғылыми және әдістемелік) жүгінетінін байқаймын», – деп әріптесінің еңбекқорлығын сөз етті.
Ал, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Құттықыз Жәнібекова Бағдат Алтенова мектеп оқушыларының тарихқа қызығушылығы жоғары екенін, оған Ақмарал сынды білікті ұстаздың ықпалы көп екенін тілге тиек етті.
– Ақпарал апайдың сабағы қызықты өтеді. Тіптен, сабақтың қалай аяқталғанын білмей қаламыз. Бізге үнемі теориялық біліммен қаруланған оқушы кез-келген қиын сұраққа жауап таба алатынын айтып отырады. Арасында интеративті тақта арқылы сабақ өткізіп, сыныптастарымның тарихқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық тарихты білуге деген ниетін шындайды. Биыл ұстазымыздың сапалы берген білімінің арқасында тестен жоғары балл жинаймыз деп ойлаймыз, – деді 11-сынып оқышысы Тұрлыбек Шаһризада.
Білім ордасының ұстаздары мен оқушылары жылы пікір айтқан ұстаздың тұлғалық болымысына қанығып қайттық. Жалпы, тарихқа жаны құмар жан күніне бірнеше рет мектеп бағдарламасынан тыс тарихи кітаптарды оқып отырмаса ас батпайды екен.
№247 мектепке жаңа ғимарат 2011 жылы берілді. Онда 22 кабинет орналасқан. Үш сыныпта интеративті тақта орнатылса, химия сыныбы заманаиу лобараториялық жабдықталған. Сондай-ақ, қыздарға арналған технология кабинеті (тегін, ас дайындау шеберлігін шындайтын), деңгейлік бағдарлама бойынша жұмыс ізтейтін өзгеріс енгізу кабинеті және бейнелеу өнеріне баулитын кабинет жақсы жолға қойылған. Білім ордасында 48 ұстаз 300 оқушының сапалы білім алуына жауапты. Өткен жылы үш оқушы білім грантына ие болды. Ал, Айкерім Алишерова «Алтын белгіні» лайықты қорғады. Алғашында шағын ауылдан алтынға лайықты оқушы шықты дегенге сенбегеніміз рас. Алайда шындық осы. Айкерім 11 жыл бойы жинаған білімін дәлелдеп, жоғары балл жинады. Әрине, мұнын бәрі Ақмарал Абуова сынды білікті де білімді ұстаздардың арқасы екені даусыз. Олай болса, мектептің алар асуы биіктейб берсін!

   P.S.: Ыбырай Алтынсарин айтқандай, мектептің жүрегі болып жүрген А.Сапарғалиқызы сынды кемел ұстаздар көп болса, саналы жастар қатыра артар еді. Бұл – келешекке салынған кемел инвестиция болар еді...
Нұр-КЕНЖЕ.
07 қараша 2018 ж. 1 201 0