Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ӨЗ ҮЙІМІЗДЕН ШЫҒАДЫ

ӨЗ ҮЙІМІЗДЕН ШЫҒАДЫ

Мәкеңнің бажалық жақындығы бар көршісі агроном Қоңырбаевпен анда-санда бір жартылықты бөле ішіп, қауқылдасып тұратын әдеттері бар көрінеді. Сәтіне қарай Мәкеңнің балалары іле-шала үйленісіп, келіндері де енесімен рулас болып шықса керек. Яғни, әкесімен бажа десе де болғандай. Той өткеннен бірер күннен кейін жұмыстан бірге қайтқан агроном баяғы әдетпен көршісінің үйіне қарай бұрыла бергенінде Меңлібай;-Осы жерден тоқтай қалыңыз, дейді қақылдау үнмен.-Бұрын бажаны сырттан іздеп, Сізге жағдай жасаушы едім, енді жалынбаймын. Өйткені, бажа біткен өз үйімнен шығаын болды. Негізгі-қай нәрсе де өзіңнен шықпай жарымайсың деген рас екен,-дейді сөзінің соңын күлкіге айналдырып.

Бір түрлі иіс
Мекепте ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткен Айткүлдің жасы мен жұмыс өтілі жетіп, зейнеткерлікке шықса керек. Осыдан бірер күннен кейін бір таныстары тойға шақырып, Мәкең екеуі солай қарай бет алады. Жолай Меңлібай;
-Маған қатарласпай, арырақ жүрші,-дейді ойында ештеңе жоқ әйеліне жаратпағандай кейіп танытып.-Өзіңнен бір түрлі-кемпірдің исі шығатын секілді ме?!

Мұз кетіп пе?
Қайбір жылы көктемде Сырдария өзенінде кептелген мұз мол суды арнасынан асырып, жағалаудағы елді мекендерге едәуір қауіп төндіреді. Сондай кездің бірінде Жөлек ауылына бара қалған Баетов Жамалханға бұрынғы әріптесі Оразбек,-Жағдайды көріп тұрсыңдар, қонақ етіп күіп жіберетін ретіміз бар еді, кейін мұз кеткен соң бір малдың басын жерсіңдер,-деп жылы ықылас танытады.
Күн артынан күн жылжып, мұз да кетеді, жаз да шығады. Алайда қонаққа шақырған хабар естіле қоймайды. Баяғы сөз құлағында қалған Өмірзақ аға бірде;-Жамалхан, білсең қайтеді, Орекеңнің ауылының тұсынан мұз кетіп пе екен?!-деп қонаққа қашан барамыз дегендей емеурін жасайтын көрінеді.
Нұрмахан Елтай.
04 қазан 2018 ж. 859 0