Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 49

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МІНЕ, ҚЫЗЫҚ! МАНАП КӨКЕНОВТЫҢ ТӘУІПТІГІН БІЛЕСІЗ БЕ?!

МІНЕ, ҚЫЗЫҚ! МАНАП КӨКЕНОВТЫҢ ТӘУІПТІГІН БІЛЕСІЗ БЕ?!


Бірде Мәкең Шиелі жаққа барып, астындағы аты зорығып елге жете алмай қалады. Кәрістердің үйіне бұрылайын десе «иттің етін жейді дейтін еді, ұшынып қалармын» деп қауіптенеді. Бір киіз үй көзіне шалынып, қазақтың үйі шығар деп бас сұғады. Үйден бір әйел шығады. Жеңгей, шөлдеп келемін, сусын бар ма? – десе «Жеңге деп қай ағаңа алып беріп едің? – деп шақ ете қалыпты. Сусын да жоқ, суда жоқ, өзіміз тасып ішіп жатырмыз, – дейді тарылып. – Атаңа нәлет, осы жаман пейілің ғой, азаматтың жағасына жабысқан, – деп бұрылып кете барыпты. Артынан дереу шығып, «Әкем шақырып жатыр» деп бір бала жетеді. Сөйтсе әлгі үйдің отағасы қатты ауырып жатыр екен, мына кісі тегін емес, түспей кетпесін дегесін, ұлы аттың жүгенін ұстап жіберер емес. Қой деп ашуын басып, үйге енеді.

– Шырағым, рең-басың бұл төңіректің баласы емес, қай туған боласың? Қайдан келесің? – дейді.
– Мына Шиеліден қайтып келемін. Түркістандықпын. Емшімін.
– Алда жарықтық-ай, сені маған Құдайдың өзі жіберген ғой. Баласына қарап: Шап, малға шап, бір қойды әкеп сой, – деп тапсырма береді.
– Қой, мен атымды арқандайын деп, тысқа шығып, көршінің ойнап жүрген баласын шақырып алады.
– Мына кісі көптен ауырып жатыр ма?
 – Бес-алты айдың жүзі болып қалды. Қырдағы елге барғанда ет жеп, содан ұшынып қалған ба, төсек тартып жатыр.
– Ә, жарайды, – деп шеңгелдің түйнегін, жантақтың басын, төрт-бес шөптің ұнтағын үгіп, қалтаға салып, үйге келген соң сырқаттың тамырын ұстап «Еттен ұшынғансыз» дейді.
Ешкім таппап еді, дәл айттыңыз.
Тәуіп әлгі дәрілерін суға қайнаттырып, бір қасықтап іш, – деп жанына қойдырады.
Ет жеп, қымыран ішіп, ұйқыға кетіп еді, түн жарымында біреу оятады.
– Ана кісі қатты қиналып жатыр. Дәрінің бір кесесін қатыра салыпты.
Тәуіп сасқанынан ағарған ішкізіп, әлек. Науқас лоқсып құсып, тастай бірнәрсе тастайды. Таңертең тұрса, науқас басын көтеріп отыр, маңдайы жіпсіген, сізбен бірге шай ішкім келіп отыр, – дейді.
 – Шырағым, емің маған қуат болған сияқты, әл-әзір жата тұр, мен сияқты төсек тартып жатқандар бар, – деп қолқа салыпты. Манап әзер дегенде құтылып, елге қайтыпты.
Баян ҮСЕЙІНОВА.
26 қыркүйек 2018 ж. 1 264 0