Құрылтай

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » ҚАЗАҚТАН СӨЗ АРТЫЛҒАН БА:ҚАҒЫТПА ҚАЛЖЫҢ

ҚАЗАҚТАН СӨЗ АРТЫЛҒАН БА:ҚАҒЫТПА ҚАЛЖЫҢ

Меңлібай Кенжебаев ұзақ жылдар бойы Шиелі ауданында түрлі басшылық қызметтер ақарды. Өз ісіне мығым ағамыз әзіл сөзге де бейім еді. Мәкеңнің әйелінің тегі-Сүттібаева, ал жақын ағайыны Бекжігіттің әйелінің фамилиясы-Жүндібаева болса керек. Бір дастархан басында оырғанында Мәкең әзілдеп;
-Біз мал шаруашылығы жағын ертерек, үйленген кезде қамдап қойғанбыз,-дейтін көрінеді.-Енді сүт пен жүннен таршылық көре қоймаспыз...АРТЫНАН КЕЛГЕН БАЛАЛАР
Меңлібайдың үлкен балалары-Мақсұт пен Махмуд кішкене кезінде Бесарықтағы нағашыларының қолында өсіп, мектеп бітірген соң ғана ата-анасының қолына келеді. Бұрын бұл үйде көп көрінбеген оларға тосырқай қараған қоңсыларына отағасы күлмесен;-Бұлар Айткүлдің алғашқы күйеуінен туған балалары ғой, анасының жанында болсын деп қолға алдық,-дейтін көрінеді астарлай әзілдеп.
Ия, әзіл сөздің түбін түсіретін Мәкеңнің реті келгенде өзге түгілі өзін де аямайыны бар еді.


Нұрмахан Елтай.
04 қазан 2018 ж. 1 407 0