№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 22 САҒАТ ОРАЗА ҰСТАЙТЫН ЕЛДІ БІЛЕСІЗ БЕ?

22 САҒАТ ОРАЗА ҰСТАЙТЫН ЕЛДІ БІЛЕСІЗ БЕ?


Исландия – мұсылмандары ең ұзақ ауыз бекітетін елдердің бірі. Өйткені, жылдың осы уақытында мұнда күн өте ұзақ. Күн шамамен кешкі 11-де батып, таңғы сағат 4-терде шығады. Көптеген мұсылмандарда тамақ және сусын ішуге екі сағат қана уақыт бар. Исландия мұсылмандарының бұл қиындықты қалай жеңіп жатқаны туралы BBC Newsөзінің видеоматериалында әңгімелеген.

Бұл елде мұсылмандар Рамазан айында тәулігіне 20 сағаттан аса уақыт ештеңе ішіп-жемейді. Мәселен, Пәкістаннан Исландияға бес жыл бұрын көшіп келген Суламан. Сағат түнгі 1.30-да жеміс қосылған йогуртпен ауыз бекіткен соң ол ертең кеш батқанша ештеңе ішпейді. Жұмысқа бару үшін таңғы сағат бесте тұрады.

«Бүгін 22 сағатқа жуық аузым берік болады. Өйткені, біз таңсәріден кеш батқанға дейін ораза ұстауымыз керек. Мұның ешбір қиындығы жоқ, өйткені, мәселе менің Құдайға деген сенімімде. Маған қуат беретін осы. Бұл өзі қалыпты нәрсеге, күнделікті тірлігіңнің бір бөлігіне айналады» дейді ол.
Исландияда шамамен мыңдай мұсылман бар. Әйтсе де, олардың барлығы мұндай тым ұзақ оразаны ұстай алмайды.

Мансур – Исландияның астанасы Рейкьявиктегі шағын мұсылман қауымының имамы. Күннің тым ұзақтығына байланысты оның жамағаты тәуліктегі ораза уақытын 18 сағатқа қысқартқан.
«Құранның ораза туралы аяттарын оқысақ, бізге жеңілдік жасағысы келетінін Құдайдың өзі айтады.Біз мұнда тым ұзаққа созылған ораза кезінде адамдардың есінен танып құлағаны туралы естідік» дейді ол.
Яман – Рейкьявиктегі шағын кәуапханалар желісінің иесі. Ол келушілерге тамақ дайындайды, бірақ өзі жемейді, тіпті иіскемейді де.

«Тамақ пісіресің, бірақ өзің оны жемеуің керек. Мұндайда әрине аштық күшті сезіледі. Алайда, мен оразамды бұзбаймын. Егер сіз Құдайға сенетін адам болсаңыз, онда бұл сізге кедергі емес, сіз бұған дайынсыз» дейді ол.
Суламан мен әйелі Зараның бір ұлы бар. Екінші балаға аяғы ауыр Зара ораза ұстамайды. Бірақ ол бәрібір ерте тұрады. Күйеуіне тамақ дайындайды, намаз оқиды. «Рамазан айының рухын осылай болса да сезінгім келеді» дейді ол.
Исландиядағы Ислам мәдени орталығында еденге дастархан жайылып, ас дайындалып жатыр. Бүгін де мұнда ауызашар болмақ. Ал намаз түннің соңғы уағына дейін созылады.
Рамазан айы аяқталатын кезге қарай Исландияда тәуліктегі ораза уақыты 22 сағатқа жетпек.
«Рас, мұнда ораза ұстау сәл қиын. Бірақ біз шыдаймыз, сондықтан бәрі дұрыс болады» дейді Яман
30 мамыр 2018 ж. 1 789 0