№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАБАЙЫ САУДА. КҮНКӨРІСТІҢ ҚАМЫ

ЖАБАЙЫ САУДА. КҮНКӨРІСТІҢ ҚАМЫ

Науқандық уақытта базар айналысы ғана емес, кенттегі сауда жасауға заңсыз орындарда қаптаған сатушыларды көреміз. Рас, оның жартысынан көбі салыққа тіркелмеген. Заңды құжаты жоқ. Бүгін осындай кәсіп иелерімен күресу үшін кент әкімдігі мен аудандық ішкі істер бөлімі және «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы біріге отырып, ескертпе жұмысын жүргізуде. Бұл жай ғана ауызша ескерту, егер сатушылар оған көнбесе міндетті түрде айыппұл төлейді. Мәселен, жаңақорғандықтарға таныс Құрманғазы көшесінің басы, яғни ескі шұжық өндіретін мекеменің алдында тұрған қауын мен қарбыз сататындар әкімдікке бағынғысы келмейді.
Жалпы, науақандық алып сатарларға аудан әкімдігі белгілеп берген Алтынсарин мөлтек ауданында шағын сауда орны мен орталықта қос бірдей базар бар. Алайда, саудагерлер ол орындарға барғысы келмейді. Себебі, ол маңға сатып алушылар келмейді, екіншіден, ешқандай жағдай жасалмаған дейді. Ал, базарға тұру үшін иелері «салық төле» дейді деп қашып отыр. Түсіну керек қазір тегін жерде нан жоқ.
Жалпы, алғанда жабайы сауда болсын, басқа сауда болсын барлығы күнкөріс, бала-шағаның қамы үшін. Әрине, оларды да түсінуге болады, аптап ыстықта сауда жасау оңай емес, дегенмен заңға да мойын бұрып қойған абзалырақ болады...
19 қыркүйек 2018 ж. 1 065 0