Қауіпсіздік қараусыз қалмасын
Қазақастан Республикасының Бас прокуроры мен Ішкі істер министірінің тапсырмаларына сәйкес, Жаңақорған ауданының Төтеше жағдайлар бөлімі аудан орталығында орналасқан «Нұр» базары мен «Нұрасыл» сауда орталығына жоспардан тыс өрт-техникалық тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында аталған сауда орындарында өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғандығы анықталды. Мәселен, Нұр базарында автоматты өрт дабыл қондырғысы орнатылмаған, Нұрасыл сауда орталығында автоматты өрт дабылы қондырғылары істен шыққан, әрі алғашқы өрт сөндіру құралдарымен толық қамтылмаған. Осы және өзге де қауіпсіздік шаралары толық іске дайын емес.
Сондықтан, тексеру қортындысы бойынша анықталған кемшіліктерге сәйкес, базар иелері ҚР ӘҚБтК-нің 410 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жоғарыда аталған жоспардан тыс тексерулер жеке кәсіпкерлік субьектілерінің білім беру обьектілерінде жүргізілуде.
Айта кететіні, оқу-жаттығуға барлығы 43 адам 10 техника жұмылдырылды. Енді алдағы уақытта суға шомылу маусымы басталады. Осы орайда барлық аудан тұрғындарын міндетті түрде қауіпсіздік шараларын сақтаулары тиіс. Төтенше жағдайда бірінші кезекте 101 және 112 нөміріне хабарласуыңызға болады.
Берік ОМАРОВ.
Пікір 2