№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАЗАРДЫҢ СӘНІ, САУДАНЫҢ МӘНІ

БАЗАРДЫҢ СӘНІ, САУДАНЫҢ МӘНІ


«Қыстың қамын жаз ойла» дейтін қазақ науқандық кезеңде базар саудасының көркін қыздырады, диқандар болса ала жаздай еккен егінін қыста азық ету қамына кіріседі. Дегенмен, тұрғындар нағыз егіннің еңсе көтеріп, өнімнің бітігін күтіп, күздің күні қамданатыны рас. Осындайда «базарға барып бағыңнан көр» деген мақал еске түседі.
Расында, қазір базар саудасының қызған шағы. Тұрғындардың тұрақсыз нарық бағамына наразылығын естіп те жүрміз. Оған екі себеп дейді алыпсатарлар: бірі – доллардың көтерілуі болса, екіншісі – көрші облыстағы бағаның тұрақсыздығы. Бір өкініштісі, доллар түссе баға түспейтіні көңілді қынжылтады. Ал, ел экономикасында мұның үшінші жағы бар. Ол – зейнетақының көбеюі. Сондықтан біз де Жаңақорғандағы базар тыныс-тіршілігін бағамдап көрмекке бел будық.
Уақыт күттірмей орталыққа базарды аралап күнделікті тұтынатын тауар бағасын білдік. Алдымен, ұн мен нан және макаронның бағасына көзіміз түсті. Бағасы қымбаттағаны анық. Ал, қияр мен қызанақ, қант пен көкөніс бағасы әжептеуір қымбат. Шілдеде 80-90 теңдеген түспеген қызанақ 130-150 теңгені көрсетіп тұр. Сол секілді қиярдың да бағамы сондай. Картоп пен пияз – 80 теңге, сәбіз – 150 және қанттың келісі – 250 теңгеге көтерілген.
Бағаны нақтылап алғаннан кейін, тұтынушылардың пікірін білмекке тұрғындарды әңгімеге тарттық. Иә, қазақпыз ғой «шүкір» дейді барлығы. Дегенмен, тұрғындардың айтары бар.
Алтын апа: «Дүкенде қымбат деп базарға келеміз, бірақ мұндағылар да зейнетақы мөлшері артқан сайын бағаны өсіре береді. Ал, доллардың отандық өнімге қатысы қанша?» – деген ойын жеткізді.
– Саламатсыздар ма, сауда қалай болып жатыр?
– Бұйырғаны, бала-шағаның несібесі ғой.
– Баға неге қымбат?
– Шыны керек, өзге аймақтың бағаны тұрақсыз етуі бізге де ауыр тиюде. Тауардың қалыпты күйін сақтау шығындарымен қатар, жеке кәсіпкер ретінде үкіметке салық төлеп отырамыз. Сырт көз біз тауып жатқан пайданы санап, шығынды есептемейді, – дейді.
Саудагерлердің айтары сол көрші өңірдегі өнімнің өсімі. Екіншіден, базар маңындағы жабайы сауданың шарықтауы бәсекелестікті арттырып жіберетінін де алға тартады. Алайда, базаршылардың екінші пікірі көңілге өте қонымды. Яғни, отандық өнім, оның ішінде картоп пен қияр, қызанақ секілді тауарларды ауданда көптеп өндіретін болса онда баға тұрақты болар ма еді? Мәселен, Екпіндіден келетін қызанақтың келісі жуырда 75-80 теңгеден өтті. Оған сұраныстың да жоғары болғанын көрдік.
Осы орайда ауылшаруашылық бөлімінің мәліметіне сүйеніп көрейік. Бөлімнің жауапты маманы Дәулет Озазбековтың берген мәліметі базардыкімен бірдей. Тек қант пен қырықжапырақтың бағасы нарықта өсіпті. Енді салыстырмалы түрде 2015 жылдың мәліметімен салыстырсақ, сұйық май – 46 пайызға, ет, қант және картоп – 30 пайыз, ет – 55 пайызға қымбаттаған. Мамандар әлі де бағаның өсетінін растап отыр.
Енді көрші ауданның базарына да көз тастап көрсек. Шиелі кентіндегі базарда да баға осы жобалас. Мәселен, қызанақ пен қиярдың бағасы 150 теңге болса, картоптың келісі 100 теңге, тек сәбіз 100 теңге мен 120 теңге арасында екен. Демек, қос ауданның нарығы да тұтынушы қалтасына салмақ түсіруде.
Нарықты бағамдап базардың бүгінгі келбетінен сән кетіп бара жатқанын байқадық. Себебі, жабайы сауда бағаның құбылмалылығы сауданың мәнін кетіруде...

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
18 қыркүйек 2018 ж. 1 436 0