№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ САУДАСЫ: ҚАУІПСІЗ ЕКЕНІНЕ КЕПІЛДІК БАР МА?

ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ САУДАСЫ: ҚАУІПСІЗ ЕКЕНІНЕ КЕПІЛДІК БАР МА?


Жаз
шыққалы кенттегі сауда нүктелерінде жеміс-жидекжәне бау-бақша өнімдерінсаудалаушылар көбейді. Әсіресе, ірілі-ұсақты базарларда қызу саудаға түскен қауын-қарбызға деген жұрттың қызығушылығы ерекше. Тау-тау болып үйіліп тұрған қауын-қарбыздан кешке дейін бірі қалмай өтіп кеткенін көз көріп жүр. Десе де, мезгілінен ерте піскен қауын-қарбыздың адам ағзасына тигізер зияндылығы қандай? Жаз айында жедел-ішек инфекциясының өршуіне үлесі қаншалықты? Осыған жауап іздеп көрдік.
Мамандардың айтуынша, құрамында шамадан тыс нитраттар көп мөлшерде кездесетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің адам ағзасына зияны көп екен. Диқандар жерді өңдеуде, өсімдікті өсіріп-баптағанда улы химикаттарды шектен тыс қолданғанда адам ағзасына қауіпті бактериялар түзіледі. Бір анығы, құзырлы мекеменің қызметкерлері өз бетінше саудаға түскен қауын-қарбыздың жеуге жарамдылығын анықтау үшін тексеру жүргізе алмайды екен. Тұрғындардан шағым түскен күннің өзінде сауда орны немесе дүкен иелеріне тексеру жүргізілетіні туралы алдын ала ескерту жасайтын көрінеді. Бұл тұрғындардың тәуір тағам тұтынуға кедергісін келтіруде. Бұны бір деңіз.
 Екіншіден, кез келген жерде бақша дақылдарын сату заңсыз. Десе де, «жабайы сауда» етек жайып, көше қиылысы мен аялдамаларда қауын-қарбыз бен бақша өнімдерін сатып отырған жандарды жиі байқаймыз. Олар мемлекетке салық төлемейтіні де белгілі. Сонда, бұлардың қоғам алдындағы жауапкершілігін қалай түсіндірмекпіз?
Үшіншіден, жедел ішек инфекциясы өршіп тұр. Аудандық жұқпалы аурулар бөлімінде науқастардың қарасы көбеюде. Маусымда 81 науқас, ал, шілде айының алғашқы он күнінде 48 науқас іш өтуімен түскен. Айта кететіні, қауын-қарбыздан улану фактісі тіркелмепті. Дәрігерлердің айтуынша, жаз айында ерте піскен өнімнің сапалық құрамында мөлшерден тыс бактериялардың болуы ағзаны улауға әкеледі екен. Сондай-ақ, бақша дақылдарын әбден тазалап жуып пайдалану қажеттігін ескертеді.
Жауапты мамандармен жүздесіп, қажет ақпаратты алғаннан соң, «Нұр» базарына барып, өнімдердің қандай жолмен саудаланып жатқанына назар аудардық. Саудагерлердің айтуынша, мұндағы қауын-қарбыз Түркістан мен Сарыағаш ауданынан келеді екен.
Бұл базарда жүк көлігімен өнім саудалап тұрған алыпсатарлардың дені  жергілікті тұрғындар. Бірі қауын-қарбызды Түркістан облысының Шардара ауданынан әкелсе, енді бірі Мақтарал ауданынан тасуда. Қауынның бір келісі 300 теңгеге бағаланса, қарбыздың келісі 65 теңгеден өткерілуде. Әңгелектің бір данасы 200-300 теңге тұрады. Десе де, олардың кейбірінде зертханалық қорытынды болғанымен, енді бірі мәлімет беруден жалтарып, «Біз тек саудагерміз, иесі кештеу келеді» деп қашқақтады. Бір анығы, сатып алған қауынға ешқандай түбіртек берілмейді. Беті аулақ, ол өнімдер жеуге жарамсыз болып, астан улансаңыз қалай дәлелдемекпіз? «Денсаулық – зор байлық» десеңіз, саудагерлердің қолында өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың бар-жоғына көз жеткізуі қажет екенін ескерткіміз келеді.
P.S.: Біздікі қауын-қарбыз сатушылардың кәсібінен жік іздеп, жарық күнде жанжал шығару емес. Тұтынушылардың денсаулығына келер қауіп-қатердің алдын алып, абайлауға арағайын болу. Аржағы өз денсаулығымызға деген көзқарасқа байланысты.
Мақпал Марқабай.
17 шілде 2018 ж. 1 895 0