№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ыБЫРАЙДЫҢ АЙТҚАНЫ ДӘЛ КЕЛДІ:«ОТЫНСЫЗ ТАМАҚ ПІСІРЕР» УАҚЫТ ТУДЫ

ыБЫРАЙДЫҢ АЙТҚАНЫ ДӘЛ КЕЛДІ:«ОТЫНСЫЗ ТАМАҚ ПІСІРЕР» УАҚЫТ ТУДЫ


Қазақстандағы тың мамандықтардың бірі – IT мамандығы. Заман қажет ететін бұл саланың елімізде кешеуілдеп дамып келе жатқаны мәлім. Бүгінгі таңда Қазақстанда ІТ-дың тек бір саласы ғана жеткілікті дамыған. Ол – электронды үкіметтің құрылуы. Тіпті, оның жүзеге асуы  соншалықты сәтті болып, әлемдік рейтингтің ондығынан бір-ақ шықтық. Қазақстандағы ІТ мамандардың 30 пайызы бұл мамандықты өздері үйреніп алған, ал 10-15 пайызы шетелден шақырылып отыр. ІТ-лықтарды шетелден шақыртуға себеп бар ма?

Ұшақпен ұшып бара жатып, төбеден таяқ лақтырсаңыз я заңгердің, я экономистің басына түседі дейді скептиктер. Себебі елде екінің бірі осы мамандық иелері.
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды,
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды;
...Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай, – деп Ыбырай Алтынсарин 1879 жылы Орынборда жарық көрген «Қазақ хрестоматиясында» жазған еді. Одан кейін бір жарым ғасыр уақыт өтсе де, өзгерген көп нәрсе жоқ бұл күнде. Қазақстанда кім көп – ғалым мен академик көп, бірақ кейінгі жылдары бүкіл әлем мойындаған, таңдай қағып, салтанатты сарайларда қол соққан қазақ ғалымы бар ма? Қатты айтылғанымен, өкінішке қарай, шындық осы.
Соңғы 3-4 жылда ғана гранттар техникалық, химиялық, информатикалық, биотехнологиялық мамандықтарға көптеп бөлінуде. Ал 2017-2018 оқу жылынан бастап, соңғы бес жыл ішінде алғаш рет жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі едәуір өскені мәлім. 2017 жылы бакалавриатқа – 38 мыңға жуық грант бөлінді, бұл 2016 жылғы мемлекеттік тапсырыс көлемімен салыстырғанда 6 мыңға көп. Магистратураға –  10 мың орын, 2016 жылға қарағанда бұл көрсеткіш 2,5 мыңнан астам орынға көбейген. Ал PhD докторантураға – 1285 орын бөлініп, бұл 2016 жылғы орын санынан екі есеге көп болды.
Биыл техникалық мамандықтарға бөлінген гранттар саны тағы да артты. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев наурыз айында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде техникалық салаға баса көңіл бөлуді нақты тапсырған болатын.
– Қазір еліміздің жоғары оқу орындарында 530 мыңнан астам жас оқып жатыр, олардың 30 процентке жуығы мемлекет бөлген грантпен білім алуда. Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін төмендегідей шараларды ұсынамын. Қазір жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу керек. Бұл төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлауға мүмкіндік береді. Мұнда ең алдымен инженерлер, ақпараттық технология, робот техникасы, нанотехнология саласының мамандары туралы сөз болып отыр, – деген еді мемлекет басшысы. Нәтижесінде, 2018-2019 оқу жылына жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 53 594 грант, магистр мамандарды дайындауға – 12 504, ал PhD докторларын даярлауға 2 240 грант бөлінген.
Соңғы екі оқу жылында елімізде сұранысқа ие мамандықтар бойынша бөлінген гранттардың салыстырмалы көрсеткіші төмендегідей:
Байқағанымыздай, осы жылы технологиялық ғылымдарға бөлінген грант саны алдыңғы жылмен салыстырғанда бірден 11 мыңға артқан.  Бұл мемлекеттің халықаралық экономика нарығы мен сұранысына сай жұмыс істеп жатқандығының көрінісі. Демек, бүгін грант көп бөлінген салаларға ертең сұраныс болады. Десе де, болашақпен санаса бермейтін жастарымыздың көбінде «Я тілмәш, я адвокат, болсам деген бәрінде ой» (Абай). Грант аз бөлінгеніне және оқу ақысының миллион теңгеге жуықтағанына, тіпті одан асып түскеніне қарамастан, биыл да түлектердің көп бөлігі құқық және экономика мамандықтарына тапсырған. Айналып келгенде, жұмыс таппай қиналатыны осыдан болар. Мемлекет грантты аз бөлгенімен, ақылы оқуға келгендерді бетінен қаға алмайды. Керісінше, жоғары оқу орындары оларды қуана қабылдары сөзсіз. Бірақ кейін жұмысқа орналастыру мәселесіне келгенде, білім алған ошағың өгей шешедей кейіп танытады. Дипломыңды берген күні қош айтысады. Арадағы 4-5 жылғы байланыс құр елес сияқты бір сәтте ғайып болады. Себебі Қазақстанда жоғары оқу орны мен жұмыс беретін мекемелер арасында байланыс көңіл көншітпейді. Дабыра қуып, атынан адам үркетін мамандықтарға түсетін түлектер ертең жұмыс таба алмай, дипломы мен тізесін құшақтап қалмауы үшін алдымен осыны ойлағаны абзал. Төрт жыл университет қабырғасында қамалып, сабақпен ғана шектелмей, мамандығы бойынша мекемелерде тағылымдамадан өтіп, кәсіби білімді тәжірибе жүзінде іске асырғаны да үлкен септігін тигізбек. Еңбек өтіліне қарайтын заман талабы сондай бүгінде. Айтып та, жылап та мәселені өзгерте алмады ешкім. Сондықтан «заманың түлкі болса, тазы боп шал».
 P.S. «Қазіргінің кішкентайлары ақылды» деген пікірді жиі естуге болады. Қолдарынан телефон мен планшет түспейді. Түсіндірмесеңіз де, қайдан-қалай екені белгісіз, барлығын өздері үйреніп алған. Жұртшылық әуелде таңғалғанымен, қазір ол да үйреншікті жағдайға айналып кетті. Себебі заман технологияланды. Адам денсаулығына, еңбек ету қабілетіне зиян тигізеді дегенімен, техниканың дамуы тоқтайтын емес.  Болашақта «адамды құстай ұшырып, отынсыз тамақ пісіруді» ойлап табатындар қазақ азаматтары болса екен деген үміт жібі ешқашан үзілмейтін сұры бар.
07 қыркүйек 2018 ж. 694 0