Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дизель отыны: баға бағбанға бағына ма?

Дизель отыны: баға бағбанға бағына ма?

Мемлекет дизельді отынның бағасын еркін айналымға жібергелі бері егін жинау науқанында өзіндік мәселелер туындауда. Күзгі орақ науқаны басталған шақта егінін шашау шығармай орып алуды армандайтын диқандардың көңіліндегі күмән-күдік сейілер емес. Оған себеп, соңғы екі жылдан бері елдегі дизел бағасының маусымдық мезгілде шарықтап кетуі. Бір сөзбен айтқанда, қымбатшылық пен тапшылық қатар келіп, диқаншы қауымның мазасын қашырады. Десе де, жауапты ведмоствалар көрші елдермен салыстырғанда біздегі баға төмен деген сөзбен жұбатуда. Алайда, дизель отынының қымбаттауына байланысты Қазақстанда бағаның көрсеткіші әр жерде әр түрлі болуы да заңды. Бұл нарықтық қоғамның бір көрінісі болса керек. Ал, осы жағдай жаңақорғандық шаруаларға күзгі жиын-терімге қаншалықты әсер етеді? Қысқасы, біздегі баға тұрақты ма? Осыны тақырыпқа арқау етіп, тарқатып көрсек.
Әуелі аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысының уақытша міндетін атқарушы Серік Сейдуалиевтың есігін қақтық. Оның айтуынша, бүгінде мемлекет егінмен айналысатын шаруа қожалықтарына арзандатылған бағамен дизель отынын сатуды бастап кеткен. Жалпы биылғы күзгі жиын-терімге 2615 тонна дизель отыны дайын. Бұл сала басшысының сөзі. Жеңілдетілген бағадағы жанар майды «НефтьТрансҚызылорда» ЖШС-і жеткізіп беруші оператор ретінде жеңімпаз деп танылған. Ал бағасы литріне 164 теңгеден босатылуда. Қазіргі таңға ірі шаруа қожалықтар мен серіктестіктер 700 тоннаға дейін алып үлгерген. Одан бөлек, субсидияланған жанар-жағар майдың қатарында автобензин 456 тонна бөлінсе, бүгінгі таңа 140 тоннасы сатылып үлгерген. Оған қоса, арзандатылған дизельді қою майы 137 тонна бар. Мұның барлығы да нарықтағы бағадан бірнеше есе төмен сатылуда.
Шаруаларға арзандатылып берілетін жанармайдың өзі 2016 жылмен салыстырғанда 70 пайызға қымбаттағанын көрсетеді. Қазіргі таңда жанармай құю стансаларында бір литр дизель отынының құны 187-189 теңгені құрап, баға мемлекеттік бақылаудан шығарылғаннан кейін 27 теңгеге өскен. Күн сайын құбылып тұрған дизель отынының аудандағы бағасын білмекке аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінен мәлімет сұраттық. Сала маманы Қуаныш Жаңабековтың 23.08.2018 жылғы түзген мониторингін тарқатып айтсақ. Литріне шаққанда дизель отыны «Sinoil» май құю бекетінде 189 теңге болса, «ҚазМұнайГазӨнімдері»АҚ-да 187 теңгемен тұрақтап отыр. Ал, «Жаңақорған Ойл»ЖШС-і бекетінде – 183 теңгені көрсетіп тұр. Бірқатар жанар-жағармай құю стансаларында дизель отыны жоқ. Дейтұрғанмен баға тұрақсыз. Жалпы аудандағы жеке май құю бекеттеріндегі дизель отынының көлемі 80 тонна. Не десек те, «жерге еткен еңбек жерде қалмайды» демекші, диқаншылардың маңдай терімен келген жемісі өзіндік құнын ақтаса болғаны.  Әзіргеәліптің артын бағайық. Бірақ бағаның бағбанға бағынбайтыны айқын.
P.S.: Жыл сайын көктемгі егіс науқаны мен күзгі жиын-терім маусымында жанар-жағар май тапшылығы не қымбатшылығы диқаншы қауымның қалтасына ауыр түсетіні айтпасада түсінікті. Осы тұста, біздегі баға неге құбылмалы деген сауалға жауап іздеп көрдік. Бақсақ, бірқатар мәселе бар екен. 2025 жылға қарай, Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірегей мұнай нарығын қалыптастыру жоспары бар. Сарапшылардың сөзіне сенсек, отандық нарықтағы мұнай өнімдерінің құнын Ресеймен теңестіру процесі жүріп жатыр екен. Себебі, жауапты ведмостволарға «Жанар-жағармай бағасы неге қымбат?» деген сауал туындағанда бірден «Ресейде Қазақстанға қарағанда жоғары» деген салыстырмалы жауап айтылады. Сондықтанда отандық нарықтағы мұнай өңдеу зауыттарына серпінді серпіліс беріп, әлеуетін арттырмайынша сырттан жанар май таымалдау тиылмайтын сынды.
Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
25 тамыз 2018 ж. 1 054 0