ҚАЗАҚСТАНДА ШӘЙ АРЗАНДАДЫ
Көп жылдан бері Қазақстанда алғаш рет шай 2% арзандады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанда жазға қарай орташа есеппен шай килограмының бағасы 2 865,8 теңгені құрады. Бұл 2017 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 2,1% арзан. Шай бағасы бәрінен көп Жезқазған (10,9% арзандап, 2 389 теңге болды) және Орал (9,7% арзандап, 2 431 теңге болды) қалаларында арзандады. Салыстырмалы түрде әзірге Қостанай, Алматы және Астана қалаларында қымбат.
2015-2016 жылдары Қазақстан бойынша шай бағасы тек қымбаттады. Тұтынушылар бағасының индексі бірден 131,9% құрады. 2017 жылы да баға өсті. Бірақ бұл жылы тұтынушылар бағасының индексі 119,2% құрады.
Биылдан бастап қана шай бағасы арзандады. Жыл басында 1% арзандаса, бес ай ішінде бағасы 2% төмендеді.
Сондай-ақ, жыл сайын шай мен кофе өндірісі артып келеді. 2018 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында 3% артып, 6,2 мың тоннаны құрады. Қазақстан бойынша шайдың 87,8%-ы Алматыда өндіріледі.
Пікір 2