№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МЕКТЕП ФОРМАСЫ: БІР БАЛАҒА ҚАНША ҚАРЖЫ ЖҰМСАЛАДЫ?

МЕКТЕП ФОРМАСЫ: БІР БАЛАҒА ҚАНША ҚАРЖЫ ЖҰМСАЛАДЫ?

Санаулы күнде жаңа оқу жылы да басталады. Ата-аналар ұл-қыздарына мектепке қажеттісін алып, сапалы білім алуына жағдай жасайтыны белгілі. Осындай қауырт шақта саудагерлер мен алыпсатарлар мүмкіндікті қалт жібермей, тауар бағасын қалауларынша құбылтатыны рас. Сонымен, бір балаға  мектепке баруы үшін қанша қаражат жұмсалады? Біз осыны назарға алып, базарды бетке алып,нарықты бағамдадық.
Кенттегі сауда орындарын түгел аралап, бір оқушыға қажетті киім-кешек пен құрал-жабдықтың ең төмен бағасын есептеп көрдік. Өткен жылға қарағанда биылғы нарық қымбаттырақ екені айтпаса да түсінікті. Саудагерше түсіндірсек, «доллар қымбаттады емес пе?» Шындығында, балалар киімін сатып алу біраз отбасыға ауырлау тиетіні сөзсіз. Мұны тұрғындар ғана емес, саудагерлер де құптайды.  Өткен жылы 3000 теңгеге болған ақ көйлектер биыл 3500 теңгеге сатылуда. Мұның басты себебін түсіндірген Айнұр есімді сатушы: «Өткен жылдың бағасы мен биылғы бағаны салыстыруға болмайды. Себебі, барлық тауар түрлері қымбаттауда. Бұған доллардың қымбаттауы әсер етеді. Біз шетелдік нарыққа тәуелдіміз. Қазір сырттан қымбатқа келеді. Сол себептен киім бағасы да өзгерді. Халық мектеп формасына мұқтаж болмасын деп көктемнен бастап Бішкек, Қорғас, Анталия асып, тауарларды серия бойынша жинақтадым. Міне,  сол жиған киім-кешегімді саудаға шығардым», – деді.
Ең бірінші, ата-ананың әмиянын жұқартатын дүние – мектеп формасы. Әр ата-ана баласына қалтасындағы қаражатқа қарай таңдау жасайтынын ескерсек, Қытай мен Қырғызстаннан келетін мектеп формаларын алады. Аңғарсаңыз, олар отандық өндірушілердің шығарған киімінен арзанырақ. Осы жайды көзбен көру үшін біз Жаңақорған кентіндегі сауда орындарын аралап көрдік.
«Али-Хан» сауда орталығының маңындағы дүңгіршекте адам қарасы мол. Мұнда балаларға тиімді бағада киімдер сатылуда. Ұл балаға қажетті түрлі деңгейдегі ақ көйлек 2000 теңгеден басталып, 6000 теңге сатылуда. Қырлы шалбар 2000-4000 теңге, галстук-500 теңге, туфли 3000-нан 9000 теңгеге дейін, ақ майка 1000-2000 теңге, рюкзак 3500-7500 теңге, футболка 1500-3000-5000 теңгеге, трико 1500 теңге, спорттық жейде 4000-8500 теңгеге, крассовка 3500-6000 теңге, шұлық 250 теңгеге сатылымда. Жалпы, орта есеппен бір ұл балаға мектеп формасы мен денешынықтыру киіміне 22 000 теңге жұмсадық.
Ал, қыз баланың ер балаға қарағанда қажеттілігі көптігінен қаржы да көп жұмсалатыны белгілі. Оның үстіне, қыз балаларға арналған киімдер қымбаттырақ. Мектеп костюмдері «Асем»  8000 теңге.Ал жоғары сыныптағылар үшін мұндай костюмдер 12-15 000 теңге. Бұның бәрін бөлек-бөлек алсаң, тіпті қымбат шығады екен: костюмі 3-4500 теңге, ақ көйлек 1800-2500 теңге, юбка мен шалбар 2 000, жилет 4 000, ал жәкет 3 000 теңге. Рюкзак  3500-10 000 теңге, бантик екі парымен 500, галстук 550, туфли жеткіншекке 3000 теңге, жоғарғы сыныптағы қызға 3500 мен 10 мыңның арасында.
«Нұрасыл» сауда орталығында заман талғамына сай тренд пен брендтің түр-түрін кезіктірдік. «DeFacto», «Waikiki», «KOTON», «H&M» , «ebebek» және тағы басқа компаниялардың сапалы тауары бар. Мұнда көбіне тұрмысы тәуір, тұрақты айлығы бар отбасыларға сауда жасауға ыңғайлы. Себебі, мұндағы саудагерлер жүзі таныс жанға қарызға тауар береді. Сондықтан айлығы бар азаматтар тұрақты «клиентке» айналған. Сауда сөрелеріндегі ең арзан қазақстандық өндіруші «Стандарт» 15-20 000 теңге (өлшеміне байланысты). Бөлек пиджак 10-13 000 болса,  шалбар  5-7 000, жилет – 4,5 - 5,5 000 теңге, галстук 1000 теңгеден. Ұлдарға арналған «Винни» мектеп формасы 18 500-22 000 теңге. Пиджагын 12-14 000 теңгеге бөлек сатып алуға болады, шалбар – 6,5-8 мың, жеңсіз жилет – 5,5-6,5 000 теңге. Қыздың көйлек-көншегіне бұдан әлде қайда көп қаражат кетеді.  Костюмі 10 000-15000 теңге, ақ көйлек 3500-4500 теңге, юбка мен шалбар 7 000, жилет 5 000, ал жакет 4 000 теңге. Рюкзак  3500-10 000 теңге, бантик екі парымен 700, галстук 550, туфли жеткіншекке 3000 теңге, жоғарғы сыныптағы қызға 5500 мен 10 мың теңгенің аясында тұрады.
Жаңа оқу жылы қарсаңында «Арзан фарм» дәріханасы  іргесінде киім дүкені ашылды. Жаңа дүкенге келушілердің қарасы көп. Себебі, мұндағы киім-кешек бағасы қолжетімді. Сөреде ұлдың да, қыздың да, бастан-аяқ киімі ілінген. Ұлдың формасы 5 000  теңге, жеке шалбар 2000 теңге, ақ көйлек 2000 теңге, туфли 3000-4000 теңге, носки 200 теңге. Ал, қызға ақ көйлек 2000 теңге, белдемше 3000-4500 теңге, форма 4500 теңге, ақ носки 300 теңге, ақ бантик пары 500 теңге, сөмкесі 4000 теңге. Ең арзан баға ұсынғандықтан көбіне көп балалы отбасылар келіп, қажетті тауарын алуда. Соның бірі Гүлнұр Сейтқасым: "Менің 5 балам бар. Оның  төртеуі мектепке барады. Бәрін бір күнде киіндірумүмкін емес. Сондықтан өткен айда екі ұлыма киімді Түркістанның базарынан алдым. Ол кезде 80 000 теңге қаражат алғам. Қазір екі қызға 60 000 теңге көлемінде мектеп қажеттілігін алдым. Яғни, біз секілді отбасылар осылайша үш ай бойы дүкен аралаумен өткізеді, – дейді ол.
Аудан орталығында бір ғана мектеп формасын тігетін тігінші бар. Бұл күнде қолынан өнері тамған ісмерлігімен танылған «Паки» тігін шеберханасын білмейтін тұрғын жоқ шығар.Шеберхана баланың сахналық киімі мен мектеп формасын көңіл қалауындағыдай, әдемі әрі қонымды бағада ұсынады. Дайын тігілген қыздарға арналған мектеп формасын 8500 -10000 теңге жобасында табуға болады. Тігіске кететін материалды өзіңіз алып барып, үлгісін таңдайтын болсаңыз тігу ақысына 3500 теңге алады екен. Бұл ісін түсіндірген Пакизат Баязитова: «Тапсырыс көбейгені жасырын емес. Бізге келушілердің қалауындағы форманы жасап беруге тырысамыз. Тамыз айы басталған тұста шеберханаға келушілер жиіледі. Біз Шымкенттің «Текстил» фабрикасынан өзімізге қажетті материалдар алып келіп, тігінге пайдаланудамыз. Шымкенттің матасы тігуге де, киюге де ыңғайлы. Осы қасиетін өз пайдамызға жаратудамыз»,– деді.
Киім-кешегін түгендеп, аяқ киімін алдық делік. Енді екінші өзекті мәселе, оқу құрал-жабдықтары. Білетінім, мектеп құралдарына аз қаражат жұмсамайды екенбіз. Сауда сөресіндегі ең керекті дүниенің құнына көз жүгіртсек, қарандаш 30-50 теңге, қалам (ручка) 20-150 теңге, дәптер 15 теңге, қалың дәптер 50-150 теңге, «Балапан» дәптері 200 теңге, пәндік дәптер 800 теңге, сурет дәптер 80-300 теңге, фломастер 400 ден басталып, 1300 теңгеге, сызғыш 30-50 теңге, құрастырғыш 1000-3000 теңге, желім 150-300 теңге, сазбалшық 200-400 теңге, өшіргіш 30 теңге, ұштағыш 50 теңге, өшіргіш+ұштағыш 150 теңге, күнделік 350 теңге, қайшы 200 теңге, санағыш 300 теңге, интерактивті тақта «Сөйлейтін Әліппе» 2500 теңге, дәптер қап 10 талы 100 теңге, кітап қап 10 талы 200 теңге, мед книжка мен бала паспорты әр қайсысы 200 теңгеден, файл 120 теңге. Ең қажеттісін есептегенде жобамен 10 000 теңгені жуықтайды.
 Міне, біз барлық сауда нүктелерін аралап, мектеп формасының бағасын білдік. Айлығы тұрақты, тұрмысы жақсы отбасылардың өзі балаларын жаз бойы киіндіретінін білдік. Ал, жұмысы тұрақсыз, мардымсыз жалақымен күнелтетін отбасылардың балалары жағдайы қалай болар екен?
Мақпал ПАТЕНОВА.СУРЕТ БАҚ.КЗ
24 тамыз 2018 ж. 2 275 2

Гость Jeahulalf от 24 ақпан 2019 15:25
Cialis Generika Tipps cialis Achat De Cialis Au Quebec

Гость Jeahulalf от 13 наурыз 2019 17:26
Levitra Stopped Working Le Viagra Est Il En Vente Libre En Pharmacie En France cheapest cialis 20mg Discount Cheap Direct Dutasteride Website Cialis Non Generico Levitra Professional Kaufen