Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ҚЫРКЕҢСЕНІҢ ҚАУҚАРЫ

ҚЫРКЕҢСЕНІҢ ҚАУҚАРЫ


Ауыл әкімі Ж.Орынбасаров халық алдындағы есеп беру кездесуінде 2017 жылы келелі істердің атқарылғанын хабарламасына арқау етті.  Дербес бюджетке дайындықты бүгіннен бастап кеткен қыркеңселіктер ауылшаруашылығы мақсатындағы техникаларды сатып алып, кейін жалға берген.

  Нәтижесінде әкімдіктің арнайы есеп шотына жалға беруден 5359,6 мың теңге қаржы, салықтан 1538,0 мың теңге түскен. Ауыл әкімінің айтуынша, ол қаржының 1927,0 мың теңгесіне көркейту көгалдандыру жұмыстары жүргізілсе, 4000,0 мың теңгесіне Төле би көшесі мен Орталық көшені жалғайтын 300 метрлік жолға тас төсемелер төселген. Сондай-ақ жыл сайын шешімін таппай жүрген Р-23 каналын тазартуға жергілікті бюджеттен 7178,0  мың теңге бөлініп, тазарту, қазу жұмыстары жүргізілгені белгілі болды.
Өз кезегінде ауыл тұрғындары көктем келісімен үй іргелік жердің ыза суы шығып, халықты әбіргерге салатынын сауал етті. Және де жел мен жаңбыр жауса трансформатордан ақау шығып, электр жарығы сөніп қала беретіндіктен бұл сала басшысынан жаңғырту жұмыстарын жүргізуді сұрады.
19 қаңтар 2018 ж. 1 208 0