№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ЖЕЛІКТІРЕТІН ЖЕЛІ АНЫҚТАЛДЫ

ЖЕЛІКТІРЕТІН ЖЕЛІ АНЫҚТАЛДЫ


Ғалымдар адамды күйзеліске түсіретін әлеуметтік желіні анықтады, – деп жазды массагет.кз порталы.

 Зерттеулер нәтижесі бойынша Британ Корольдігінің денсаулық сақтау қоғамы “Instagram әлеуметтік желісі жастардың денсаулығына кері әсерін тигізеді”,- деген қорытындыға келді. Мұндай қорытындыға келмес бұрын ғалымдар 14 пен 24 жас аралығындағы 1500 адаммен сұхбат жүргізген. Респонденттерге негативті әсер ететін, сондай-ақ, психикасын бұзып, күйзеліс пен агрессияға итермелейтін қосымшаны анықтау ұсынылды.   Сұхбат нәтижесінде өзінің сырт келбетіне көңілі толмай, өз-өзін бағалау деңгейін түсіріп, ұйқысыздыққа алып келетін әлеуметтік желі Instagram екені анықталған. Тәжірибеден өтушілер оның адамға беретін әсерлерін төмендегідей мысалдармен келтірді: — өз келбетін өзге адамдардың мінсіз фотосуреттерімен салыстыру — ұйқыға уақытында жатуға мүмкіндік бермеу — өзі тіркелген адамдар өміріндегі жаңалықтардан хабарсыз қалу қаупі — шын өмірдегі достары мен туыстарына қажет деңгейде көңіл бөлмеу — басқалардың “ертегідей өмірін” көре алмаушылық Антирейтингтегі екінші орынды Facebook пен Snapchat әлеуметтік желілері алды.

29 маусым 2018 ж. 1 107 0