№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » АРЫҚТАУҒА АСЫҚПАҢЫЗ, АҒАЙЫН!

АРЫҚТАУҒА АСЫҚПАҢЫЗ, АҒАЙЫН!


Бостон университетіндегі медицина мектебінің ғалымдары арықтық адамның ақыл-есіне кері әсерін тигізетінін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеу нәтижесі Journal of Alzheimer's Disease басылымында жарияланды.
Ғалымдар анықтағандай, 50-60 жастағы адамдардың дене салмағының индексі төмендеген кезде, олардың деменцияға шалдығу қаупі жоғары болады.
Мамандар ақыл-естің кемуіне соқтыратын жаңа факторларды анықтау үшін Фремингем зерттеуі бойынша талдау жүргізген.
Атап айтқанда, олар адамдардың демографиялық деректерін зерделеген, сонымен қатар зерттеуге қатысқан 1979-1983 жылғы адамдардың арасында кімдерге деменцияға шалдығу диагнозы қойылғанына да назар аударған.
Осыған дейін жүргізілген зерттеулерде мамандар ақыл-есі кемуге әкеліп соқтыратын негізгі фактор адамның жасына байланысты деген байламға келген. Бірақ, зерттеу жұмыстарына сай, 50-60 жас шамасындағы арық адамдардың толық денелі қатарластарына қарағанда деменцияға көбірек шалдығатыны анықталған.
Деменция дегеніміз – жоғары психикалық функциялардың жете дамымауынан болатын ақыл-естің кемуі.
14 мамыр 2018 ж. 1 566 0