№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АЙ МЕН КҮН НЕГЕ ТҰТЫЛАДЫ?

АЙ МЕН КҮН НЕГЕ ТҰТЫЛАДЫ?

Табиғат тылсымын тамашалаушылардың барлығы да кеше шілденің 27-нен 28-не қараған түні Айдың тұтылғанын көрді. Астана уақытымен түнгі сағат 23:13 –те баяу басталған құбылыс 3:13 –ке дейін жалғасты.
Мамандардың айтуына қарағанда, түнгі құбылысты жарты ғаламшар көрген. Мұндай жағдай 2009 жылы орын алған. «Айдың келесі тұтылуы 2020 жылы тағы да қайталанады. Ол кезде Айдың жарты беті қараңғыланады», –дейді мамандар.
Айдың тұтылуы – жыл сайын болып тұратын құбылыс. Кейде 12 айда екі-үш рет қайталануы мүмкін. Ал, бұл жолғысы мамандардың айтуына қарағанда, сирек әрі уақыты жағынан өте ұзақ болды.
Жалпы сирек болса да, қайталанып тұратын бұл құбылыстың сыры неде? Интернет көздерінен (bigox.kz)  біз барқатар деректерді таптық. Сонымен ай мен Күн неге тұтылады? Мұның себебі неде?
«Күннің тұтылуы оны Ай тасалағанда, Айдың тұтылуы оған Жердің көлеңкесі түскенде байқалады. Егер Ай өзінің Жер айналасындағы қозғалысында Жер мен Күннің арасында келіп қалса (бұл тек қана Ай туғанда болады), онда ол Күнді жауып қалуы мүмкін, онда Күн тұтылады, Ай Жерге көлеңке мен алакөлеңке түсіреді. Жерге Ай көлеңкесі түскен нүктелерде ол тұтылу жартылай болады. Жердің әр нүктесінде тұтылу әртүрлі көрінеді немесе тіптен көрінбейді әрі ол әртүрлі уақытта басталады.
Күннің толық тұтылуы таңғаларлық көрініс болып табылады. Аспанда қара дөңгелекті және оның айналасындағы тамаша шұғыла Күн тәжін көреміз. Ол –Күннің қатты қызған атмосферасының жарқыраған сыртқы бөліктері.  Күннің толық тұтылуы кезінде қараңғылық тез түседі. Бүкіл көкжиекте қызғылт шапаққа ұқсайтын жарқырау байқалады.
Мәскеуде толық Күн тұтылу 1476 жылы 25 ақпанда, Солтүстік Қазақстанда 1981 жылы 31 тамызда, ал Германияда 1999 жылы 8 тамызда байқалды. Күннің тұтылуын қазақстандықтар Атырау қаласы маңайында 2006 жылы 29 наурызда, ал мәскеуліктер 2126 жылы 16 қазанда байқады.
Жер мен Айдың қозғалысы жақсы зерттелгендіктен толық Күн тұтылуының уақыты мен орнын дәл есептеп шығаруға болады.
Ал Ай Жердің көлеңке аймағына енгенде, Ай тұтылуы басталады. Айдың тұтылуы тек Айдың толған кезінде, яғни Ай аспанында Күнге қарсы нүктесі маңайында болған кезінде байқалады. Бұл уақытта Ай жерге өзінің барлық жарықталған жарты шарымен қарайды
Ай батыстан шығысқа қарай қозғалғандықтан, Жер көлеңкесіне бірінші болып Айдың шығыс сол жақ шеті көрінеді. Оның бетінде біртіндеп үлкейетін кішкене кетік пайда болады. Ай орақ пішінін қабылдайды.
Егер  Ай өзінің Жер айналасындағы қозғалысында толығымен Жердің көлеңкесіне енсе, онда Айдың толық тұтылуы орын алады. Егер ол көлеңке шетін жанап өтсе, онда тұтылу жартылай болады.Айдың толық тұтылуы ұзаққа созылады, екі сағат (1 сағ 40 мин) дерлік болуы мүмкін. Жердің барлық нүктелері үшін ол бір уақытта басталып және бір уақытта аяқталады әрі Айға қараған Жердің бүкіл жарты шарында бірдей байқалады.
Ай толық тұтылғанда, әдетте Ай аса қараңғы болып немесе толық көрінбей қалмайды. Бұл жердің атмосферасының бар болуымен түсіндіріледі. Жер атмосферасынан сынған Күн жарығы оған қызғылт түс беріп таралады және бір жағынан Ай пішінін жарықтандырады. Жер көлеңкесіне Ай жарым-жартылай кіргенде, Айдың толық және шала тұтылуы болады.
Толық Күн тұтылуы Жерге Ай көлеңкесінің дағы түскен орыннан ғана көрінеді. Дақтың диаметрі 250 шақырымнан артпайды, сондықтан бір мезгілде Күннің толық тұтылуы тек Жердің аз ғана бөлігінде көрінеді. Толық тұтылу фазасы 7 минут 70 секундтан артыққа созылмайды.
Егер Ай орбитасының жазықтығы эклиптика жазықтығымен дәл беттессе, онда әрбір жаңа айда Күн тұтылуы, ал әрбір толған айда Ай тұтылуы болып тұрады».
Дайындаған Еркін ҚАЛДАН
29 шілде 2018 ж. 4 605 0