№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстандықтар 28 шілдеде аспаннан қып-қызыл айды көре алады

Қазақстандықтар 28 шілдеде аспаннан қып-қызыл айды көре алады


2018 жылы шілденің 27-сінен 28-іне ауған түні Қазақстанның бүкіл өңірі мен Ресейдің бір бөлігінің тұрғындары сирек болатын әрі өте қызықты астрономиялық құбылысқа куә болады
.
Қазақстандықтар 28 шілдеде аспаннан қып-қызыл айды көре алады
Бұл түні толық Ай өз орбитасында батыстан шығысқа жылжып, жердің көлеңкесіне енеді.
Басқаша айтқанда, Айда күн тұтылуы болады.
«Біздер – жердегілер үшін Жердің жартылай көлеңкесіне кіретін Ай, алдымен, жәйлап көзден ғайып бола бастайды. Кейін Айдың дискісін планетамыздың қара көлеңкесі біртіндеп жаба бастайды. Бұдан соң Ай толықтай Жердің көлеңкесіне енеді. Ең қызықты құбылыс осы кезде болады. Ай толығымен жоғалып кетпей, қою қызыл немесе қызғылт түске боялып, көрініп тұрады. Бұл түс түрлі тұтылу кезінде әртүрлі болып өзгеруі мүмкін», – дейді В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика институты Ай физикасы мен ғаламшар зертханасының жетекшісі, профессор, физика-математика ғылымдарының докторы ВикторТейфель.
Қазақстандықтар 28 шілдеде аспаннан қып-қызыл айды көре алады
27 шілдеде Астана және Алматы уақыты бойынша сағат 23:13-те Ай жердің күңгір көлеңкесіне ене бастайды. Ай дискі сағат 00:24-те жер көлеңкесінің шетіне жанасады. Сол сәттен бастап тұтылу басталады. Ал сағат 1:30-да Ай толықтай жердің көлеңкесіне енеді. Тұтылудың ортасына қарай Ай толықтай көлеңкеге енеді де, артынша барлығы керісінше орын алады. Толықтай тұтылу сағат 3:13-те аяқталады. Ал Айдың жердің көлеңкесінен шығатын уақыты сағат 4:19-ға сәйкес келеді.
Бұл құбылыстың адамдарға ешқандай әсері болмайды.
19 шілде 2018 ж. 1 185 0