Бүгін күн тұтылады
13 шілдеде Жердің кейбір тұрғыны күн тұтылуын көре алады. Астрономдардың айтуынша, бұл күні маңызды іс бастауға асықпау керек. Бұл күні бұрын ренжіскен туыс-туған, дос-жарандармен табысқан абзал, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі MK.RU сайтына сілтеме жасап.
Күн толық тұтылмайды, яғни Ай Күннің бетін толық жаппайды. Бұл кұбылысты Оңтүстік Австралия және Тасмания тұрғындары көре алады, ал осы уақытта жердің солтүстік бөлігінде күн әдеттегідей болып тұрады.
Күн тұтылған кезде ота жасатудан, саяхатқа шығудан бас тартқан жөн.
Еске сала кетсек, 6 маусымда Жер мен Күн бір-бірінен барынша алыс қашықтықта болды.
Биыл 27 шілде күні тағы бір сирек кездесетін құбылыс болады: Ай, Жер мен Күн бір сызық бойына тұрады. Аспан денелерінің бұлай орналасуы «планеталардың парады» деп аталады.