№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ай көрдім, аман көрдім...

Ай көрдім, аман көрдім...


Халқымызда жылдың әр айы аяқталып, жаңа ай туғанда, «Ай көрдім, аман көрдім, ескі айда есіркедің, жаңа айда жарылқа» деп өткен айдан аман шыққанына тәубе қылып, жаңа туғанынан үміт күтетін ырым бар.

Айдың алғашқы жеті тәулігін «бір жаңасы – жеті жаңасы» деп санамалап, сегізінші тәулігінен бастап алғашқы ширегі дейді. Бұл жеті-тоғыз тәулікке созылады. Одан кейін толған ай, иағни Айдың толық көрініп, бұлтсыз түндердің сүттей жарық болатын кездері өтеді. Бір жетіден кейін ай кеми бастайды. Бұл айдың соңғы ширегі. Айдың кеш туатын осы шағын қазақы ұғымда айдың қорғалауы дейді. «Ай қараңғы, таң жарық», «Айдың қараңғысы» дегенедер де осы айдың таусылар кезі. Ал айдың өларасы ескі айдың бітіп, жаңа айдың көрініп үлгермеген шағы.
Жаңа туған Ай шалқасынан жатса, «өзіне жайлы, халыққа жайсыз», ал егер тіке тұрса, «халыққа жайлы, өзіне жайсыз» деп болжам етеді.
Айдың үш жаңасында Ай толығырақ, өңі ақ, екі ұшы доғалдау, тік көрінсе, сол айда жауын-шашын, жел-борасын аз болады. Егер Айдың екі ұшы үшкілдеу, сүйір, өңі ашық, шалқақ туса, онда сол айды жауын-шашынды, желді, борасынды болады деп есептейді.
Ай туғанда бұрынғысынан үлкендеу көрінсе, сәулесі қызғылт болса, жауын жауатынның белгісі.
06 маусым 2018 ж. 2 956 0