"Nasa" Марсқа тікұшақ ұшырады
"Nasa" ғарыш агенттігі Марс ғаламшарына тікұшақ жіберу арқылы зерттеуді көздеп отыр. Аталған жоба 2020 жылы жүзеге асырылады. Басқа ғаламшар аспанында алғаш рет тікұшақ ұшыру идеасы қызықты болып отыр. Mars Helicopter» ғылым үшін Марс ғаламшарын зерттейтін болады.» – дейді "Nasa" әкімшілігі басшысы Джим Бриденстин. Салмағы 1,8 келі мини-тікұшақ 2013 жылдан бері жан-жақты зерттеліп, басқа ғаламшар ауа-райында болатын өзгерістер ескеріліп құрастырылған.
Ол күннен қуат алушы батарея мен Марстағы суық ауа-райына байланысты арнайы жылыту механизмімен жабдықталған. Марста атмосферасында ауаның сиректігіне байланысты тікұшақ қалағы Жердегіден 10 есе тез айналады. Құрылғы 2020 жылы ұшырылып, 2021 жылдың ақпан айында Қызыл ғаламшарға жетіп барады деп күтілуде.
Massaget.kz