№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АПТАП ЫСТЫҚТАН ҚОРҒАНУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

АПТАП ЫСТЫҚТАН ҚОРҒАНУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?


Күннің аптап ысуы адам денсаулығына зиян екенін бәріміз білеміз. Денсаулық сақтау саласы мамандарының айтуынша, егер ауа температурасы 35 градустан жоғарылап кетсе ағзамыздағы термореттегіштер механизмі бұзылады. Салдарынан түрлі аурулар пайда болуы мүмкін. Әсіресе, бастан күн өтуі қауіпті дейді мамандар. Одан қалай сақтану керек және басынан күн өткен адамға ең алғаш қандай көмек көрсету керек?

Аптап ыстықта ең алдымен жасы егде тартқан қариялар, кішкентай балалар және дем алу жолдарында, жүрек қан-тамырларында аурулары бар науқастар зардап шегеді.
Бастан күн өтпес үшін не істеу керек?
- Шөлдегеніңізді күтпей барынша көп сусын ішкеніңіз абзал.
- Салқындатқыш қосылған бөлмеде уақытты көп өткізіңіз.
- Ашық түсті киім кию керек, басыңыздан күннен қорғайтын бас киімді шешпеңіз.
- Мүмкіндігінше күн астында жүрмеуге тырысыңыз, мұндай уақытта көлеңкені тасалау керек.
- Таза ауаға шығып, спортпен күн көзі қайтқаннан кейін айналысыңыз.
- Салқын суға түсу керек немесе мұздай суға малынған орамалмен бетті жиі сүрткен жөн.
- Бөлмеге күн түспес үшін есік-терезелерді пердемен, жалюзбен бекіту керек.
- Пешке пісірілетін тағамдарды күннің ыстығында әзірлемеген жөн.
- Желдеткішті терезе алдына қою керек, ол даладағы таза ауаны үйге айдап кіреді.
- Кішкентай балалар мен үй жануарларын көлік ішіне тастап кетуге мүлдем тыйым салынады, әсіресе көлік күн астында тұрғанда.
- Ащы, тұзды тағамдардан күндізгі уақытта бас тартыңыз, осы аталған ақыл-кеңестерді таныстарыңызға айтуды да ұмытпағайсыз.
Күн өткенін қалай білуге болады?
- Ең алдымен бас айналып, адам есінен айрылып қалуы да мүмкін.
- Жүрек айпы, құсқыңыз келеді.
- Бас ауырады.
- Демалуыңыз тарылып, жүрек соғысы бәсеңдейді.
- Қатты шөл қысады.
Егер осы аталған белгілерді сезсеңіз көлеңкелі жерге барып, салқын су ішуіңіз керек. Ауруыңыз басылмаса дереу дәрігерге қаралыңыз.
10 шілде 2018 ж. 2 128 0