№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Денеге қызыл дақтар неліктен шығады?

Денеге қызыл дақтар неліктен шығады?

      
   Денеңізде қызыл дақтар пайда болды ма? Егде тартқан адамдардың денесінен қызыл нүктелерді жиі кездестіруге болады. Әсілінде оған ешкім айтарлықтай мән де бермейді екен.
         Бұл кішкентай нүктелер ангиома деп аталады. Ангиома-қан және сөл тамырларынан құралған залалсыз ісік. Оның пайда болуының негізгі екі себебі бар.
         Біріншісі, жас мөлшері. Көптеген адамдарда қызыл дақтар 30 жастан асқан соң пайда болады. Ол қалға ұқсағанымен, ерекшелігі шие түстес болып келеді. Негісінен арқа мен қолға жиі шығады. Бұл жас мөлшерінің және қан айналымының өзгерісіне байланысты пайда болуы мүмкін.
         Екінші себебі, салауатты өмір салтын сақтамағандықтан, ағзаның бұзылуы. Егер ангиома даққа ұқсас үлкендеу болса, бауыр қызметінің немесе гормондардың бұзылуынан туындайды. Буынның зақымдануы да кейде қызыл дақтардың шығуына әсер етеді.

Не істеу керек?
         Егер денеңізден осындай қызыл дақтарды байқап қалсаңыз бірден шошудың қажеті жоқ. Бірақ ол көлемін үлкейтіп жатса, дәрігерге көрінген жөн болады. Бір рет пайда болған ангиомадан кейін салауатты өмір салтына көшіңіз. Көбірек су, шырын ішкен абзал. Әрі тұтынатын тағамдардың балансын ұстауға тырысу керек. Мысалы көкөністер, жемістер мен зәйтүн майын көп тұтынатын болсаңыз теріңіз жас әрі сау болады.
ikerim.kz
---
23 мамыр 2018 ж. 3 196 0