№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АҚЫЛДЫ АДАМ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?

АҚЫЛДЫ АДАМ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?


IQ деңгейі мен жоғары дәрежелі білімді адамның материалдық жағдайына, әлеуметтік статусына ғана әсер етпейді. Одан өзге де өмірлік жайларға қатысы бар. Интеллект өмірді ұзартады. Жетілген IQ-дің пайдасы жөнінде салмақты тұжырым жасалды. Медициналық кеңесші Дэвид Бэтти Welcome Trust қайырымдылық қорымен бірлесіп зерттеу жүргізіп, 1 миллион швед азаматына тәжірибе жасайды.

Оның ішінде ауруханаға түскен 18 000 адам өзіне қол жұмсаған. Әрқайсының тарихымен танысқанда, барлығы да білімі төмен адам боп шыққан екен. Демек жоғары білімді, ақылы бар адамдар денсаулығына күтім жасап, өзіне қол салуды ойына да алмайды.  Сауатсыздар тез қартаяды. Манчестер университетінің мамандары Британияның 4000 тұрғынын бақылауға алды. Мектептен кейін оқудан алшақтап қалған ерлер мен әйелдер өз қатарластарынан ертерек қартаяды. Бұл зиянды әдеттерге (ішімдік, темекі) жақын болуға және спорттан қашық болуға байланысты.  Интеллектісі жоғары әйел адамдар өмірден ләззат ала алмайды. 15-45 жас аралығындағы 1500 нәзік жан қатысқан зерттеу нәтижесі осындай қорытындыға келді. Жоғары білімі бар қыздар қажет кезде де миын толықтай өшіре алмайды. Сол себепті әр нәрсені ойлап, әр істі сараптап, толықтай эмоцияға беріле алмайтын көрінеді.  Данышпандардың түсі. Америкалық түс мәселесімен айналысушылар кім қандай түс көретінін түсіну мақсатында зерттеу жасады. Олардың тұжырымы бойынша ең көп түс көретіндер IQ деңгейі, интеллектісі жоғары адамдар болып шықты. Әрі олардың түсі анық, бір-бірімен байланысты екен. Әр оқиғаны, әр деталін толық есінде сақтайтындар да осы ақылдылар. Кемеңгерлер түс көріп, оны есінде сақтап қана қоймай, сол бойынша жаңалық та ашқан. Мысал ретінде Нильс Борды айтуға болады. Ол атом моделін алдымен түсінде көрген. Менделеев те химиялық кестені жасауына көрген түсі әсер еткен.  Көп түс көріңіз, таңертең әр деталін еске түсіріңіз, жаңалық ашыңыз, ақылды болыңыз, құрметті оқырман!
09 ақпан 2018 ж. 1 571 0