Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ТӨРТ ЕРЕКШЕЛІК

ТӨРТ ЕРЕКШЕЛІК

Баукең қазақтың түр түсін төрт топқа бөлген екен. Батырлар жырында кездесетін қызыл бастың қайдан шыққаны туралы Ғабит Мүсіреповтен: Ғабе,осы қызыл бас қайдан шыққан: қалмақпен, қытаймен соғысқанымыз белгілі. Ал қызыл бастар кімдер? – деп сұрағанда Ғабең:
Парсылар ғой. Бір заманда бізге келген екен,  – деп ойланбастан жауап береді. Баукең іштей ренжіп кетеді. Кейінірек оны Баукең зерттей келіп оның жауабын тауып, Мамытбекке былай деген екен.
Мен тарихты тексеріп, салыстырып көрсем, қызыл бастар – үнділер (индеецтер) екен. Біздерге бастарына қызыл тақия, бөрік киіп келген. Содан қызыл бас атанған.
Үнділерден кейін бізді арабтар жаулап алды. Қыз-келіншектерімізге көзін сүзді. «Көзін сүзді» дегенімнің астарын түсінерсің?
Түсінем.–Қазекеңнің түр-түсі әртүрлі болатынының себебі содан. Қазір орыстармен қанымыз араласты. Міне, бізде осы төрт ерекшелік бар.
P.S. Иә, бізде қай халықтың қаны жоқ деудің өзі қиын.  Жетісу жаққа барсаң қазақтарының көбісінің түрі мен түсі, көздері қытай мен ұйғырлар тәрізді, солтүстік жаққа барсаң  көбісі орыстар мен татарларға ұқсаса, Шымқала жақтың тұрғындарының дерлігі  өзбек пен парсы түрлеріне кескіндері, сөйлеу мәнерлері келіп тұрады. Соған қарағанда Баукеңнің сөзінің жаны бар ма деймін. 
25 маусым 2018 ж. 1 195 0