Мәслихаттар сайлауы

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Есірткі жан азабы мен тән азабы

Есірткі жан азабы мен тән азабы


Бүгінгі таңда есірткімен күрес – бүкіл қоғамның алдында тұрған ең маңызды әрі өзекті міндеттердің бірі. Нашақорлық – тек жеке адамның трагедиясы емес, ол тұтас ұлттың болашағына , қауіпсіздігіне және денсаулығына төнетін үлкен қатер. Әсіресе, соңғы жылдары синтетикалық есірткілердің таралуы жастардың өміріне елеулі қауіп төніп отыр. Бұр дерттен күресте әлеуметтік желілер мен БАҚ мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, профилактикалық жұмыстарды күшейту өте маңызды.

Сондықтан жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оларды жаман әрекеттерден аулақ ұстау – бәріміздің ортақ борышымыз. Әрбір азамат отбасы мен білім беру ұйымдары бұл проблемаға бей – жай қарамай , бірлесе әрекет етуі тиіс. Есірткісіз қоғам құру – жас ұрпаққа дұрыс бағыт – бағдар беруден, саналы тәрбие мен қолдау беруден басталады. Ақпараттық сауаттылықты арттыру мен құқықтық түсіндіру жұмыстары да бұл салада елеулі роль атқарады.
Болашағымыздың жарқын әрі қауіпсіз болуы біздің бүгінгі таңдауымызға байланысты. Салауатты өмір салтын таңдап, зиянды әдеттерге «жоқ»  дену арқылы біз қуатты, сау қоғам қалыптастырамыз. Тек тұтас ел болып жұмылғанда ғана біз жас ұрпақтың амандығын қамтамасыз етіп, сау болашақты қамтамасыз ете аламыз. Әрбір жастың амандығы мен елдің ертеңі үшін бірігіп, есірткіге қарсы берік тосқауыл қою – әрқайсысымыздың азаматтық парызымыз. Есірткісіз болашақты бірге құрайық!

Әблесенова Нұрайша
10а  сынып оқушысы
№223 орта мектеп
11 қараша 2026 ж. 67 0