№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ – ҰРПАҚҚА ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ – ҰРПАҚҚА ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК


Болашақ – бүгінгі ұрпақтың қолында. Ал сол болашақтың жарқын болуы әр адамның өз өміріне деген көзқарасы мен қабылдаған шешіміне байланысты. Қазіргі қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі – есірткіге тәуелділік.

Менің ойымша, есірткімен күрес тек құқық қорғау органдарының немесе медицина қызметкерлерінің міндеті емес. Бұл – бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Себебі бір адамның зиянды әдетке тәуелді болуы тек оның тағдырына ғана емес, отбасына, жақындарына және тұтас қоғамға әсер етеді.
Жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортқа, өнерге, білімге қызығушылығын арттыру – есірткінің алдын алудың маңызды жолдары. Әрбір жас өз өмірінің бағасын түсініп, денсаулығын қорғауды үйренуі керек.
Біз есірткісіз болашақты құрғымыз келсе, ең алдымен, бүгіннен бастап әрекет етуіміз қажет. Мектеп, ата-ана және қоғам бірлесе отырып, жас ұрпаққа үлгі болуы тиіс.
Мен есірткісіз қоғам – дені сау ұлттың, бақытты отбасының және жарқын болашақтың кепілі деп сенемін. Өйткені өмір – бір рет берілетін ең қымбат сый. Оны бағалау – әр адамның өз қолында!

Гулзира Жумабекова
№195 орта мектебінің биология химия пәнінің мұғалімі
10 қараша 2026 ж. 111 0