№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ: ҚОҒАМ ҮНІ

ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ: ҚОҒАМ ҮНІ


Жарқын болашақ – өз қолымызда!

Бүгінгі жас ұрпақ – еліміздің ертеңі. Біздің арманымыз – білімді, дені сау, саналы азамат болып қалыптасу. Алайда қазіргі қоғамда жастардың болашағына қауіп төндіретін мәселелердің бірі – есірткіге тәуелділік.
Есірткі – адам денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, оның арманына, мақсатына және болашағына кері әсер ететін қауіпті зат. Сондықтан әрбір жас оның зиянын түсініп, дұрыс таңдау жасай білуі керек.
Менің ойымша, есірткісіз қоғам қалыптастыру ең алдымен әр адамның өзінен басталады. Біз бос уақытымызды тиімді пайдаланып, спортпен шұғылданып, білім алып, шығармашылықпен айналысуымыз қажет. Өйткені өмірде жетістікке жетудің жолы – еңбек, білім және табандылық.
Біздің №286 мектеп-лицейінде оқушылардың жан-жақты дамуына, салауатты өмір салтын ұстануына және қауіпсіз ортада білім алуына ерекше көңіл бөлінеді. Түрлі тәрбиелік іс-шаралар мен спорттық жарыстар бізді пайдалы істерге бағыттап, болашаққа деген сенімімізді арттырады.
Әрбір жасөспірім өзінің өмірі мен денсаулығы үшін жауапты екенін ұмытпауы тиіс. Достарымызды да зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырып, бір-бірімізге қолдау көрсеткеніміз дұрыс.
Мен есірткісіз, қауіпсіз әрі бақытты қоғамда өмір сүргім келеді. Болашақта еліміздің дамуына өз үлесімді қосып, ата-анамның және ұстаздарымның үмітін ақтауды армандаймын.
Біздің таңдауымыз – есірткісіз өмір!
Біздің мақсатымыз – жарқын болашақ!
Ендеше, барша замандастарымды салауатты өмір салтын ұстануға, білімге ұмтылуға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырамын!
Сембек Айару
№286 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
10 қараша 2026 ж. 77 0