№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қатын мәселесі

Қатын мәселесі


Мен төрт қатын алған кісімін. Екеуі өлді, екеуі тірі. Бірінші қатыным –
Бақытжанның шешесі. Ол кісіні жамандауға аузым бармайды. Қазақшылығы  мол, тәртіпті еді. Алматы қаласының дәулетті отбасында туған, сонда өскен. Орыс тілін де, қазақ тілін де жақсы білетін.
Қала тәрбиесі бір жақты ойлауға үйреткен бе, ол кісіге жазу деген оңай, аспаннан түсе салатындай көрінетін. «Ойланып, толғанып керегі не? Киім бүтін, тамақ тоқ болса , одан артықтың қажеті не? Сенің әуреленіп кітап жазғаның кімге керек, атағың шықты,үстелүе шегеленіп қайтесің? Ел алақанын тосады, сол жетпей ме?» деген қала тоғышарларының психологиясындағы адам еді. Оның дүниетанымы шектеулі болатын, яғни әлгіндей жекебас мүддесін көздейтін. Біздің бір –бірімізденнегізгі жырақтауымыз осы көзқарастан басталды.
Екінші әйелім қазір Алматы шет тілдер институтында неміс тілі кафедрасының меңгерушісі. Оның да вты – Жамал. Қалыбек Қуанышбаевтың қызы. Ұлдардың ортасында жалғыз боп, ерке өскен, үй тірлігіне жоқ. Оған мен де икемсізбін: – «екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» деген рас екен.
Ұзақ ойға батып, қайта сөйледі.
–Үшінші рет үйлендім.Аты Кәмеш / Ғайникамал/. Ол жеңгеңнің қолынан сен дәм таттың ғой. Текті жердің қызы еді, өкінгенмен, амал не, қайтыс болды.
Төртіші жеңгеңді көріп жүрсің. Оны өзің бағала. Айтайын дегенім, отбасын түсіну үшін, сөз жоқ, Энгельстің кітабын оқып шығуың керек.
P.S. ертеректе біреу айтыпты ғой : Көп қатын алу еріккеннің ермегі емес деп. Мұның үстінде «Бірінші бақ – бақ,  екінші бақ– нейбақ» деп. Еш қатесіз айдан анық мақал. 
15 маусым 2018 ж. 1 202 0