№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Заңсыз аң аулау – үлкен қылмыс

Заңсыз аң аулау – үлкен қылмыс


Соңғы жылдары заңсыз аң аулау дерегі көбейді. Осыған байланыс­ты рейд жұмыстары жиі жүргізі­ліп, жауапты мамандар күн сайын бақылауды қатаң ұстауда. Тәртіп бұзатындар жазасыз қалмайды. Осы жылдың 13-тамызында мемлекеттік орман қоры жерінің №24-ші айна­лымының 1-ші оралымында Аққорған ауылының тұрғыны Қ есімді азамат өзіне тиесілі 12 калибрлі аңшы мылтығымен жас дала қырғауылын атып алғаны анықталды. Бұл іске қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382 бабының 1 бөлімімен әкімшілік хаттама тол­тырылып, 8 625 теңге айыппұл са­лын­ды. Сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдала­ну саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың орнын толтыруға байланысты бір дана қырғауыл атып алғаны үшін 5 АЕК, барлығы 25 875 теңге толықтай өтелді.
Осындай көрсетілген негізде қазіргі уақытта қырғауыл балапандарын атуға жол бермеу бағытында заң талаптарын сақтап, құқық бұзушылыққа жол бермеуге тиістіміз.
“Жаңақорған орман және жануар­лар дүниесін қорғау жөніндегі мемле­кет­тік мекемесінің” қызметкерлері­мен 2023 жылдың шілде, тамыз айын­­да аудан аумағында 5 рет рейдтік іс-шара жүргізіліп, 2 әкімшілік хаттама толтырылды.
Жалпы аң аулау қағидаларын бе­кіту туралы ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің бұйрығына сәйкес, аң аулаудың арнайы мерзімдері бекітілген. Мәселен, қарсақ, түлкі және қоян аулау 2023 жылдың 1-қарашасы мен 2024 жылдың 15-ақпан аралығында деп көрсетілген. Құм қояны осы жылдың қараша айы мен келер жылдың 31-қаңтар аралығында, бө­дене, кептер және түркептер 20 тамыздан бастап 30-қарашаға дейін рұқсат етілген. Ал, аң аулайтын ит және аушы жыртқыш құстармен бөденені 15 шілдеден бастап, ұшып кеткенге дейін аулауға болады. Маймаққаз, қаз, қарашақаз және үйрек, қасқалдақты облыс бойынша қыркүйектің бірінші сенбісінен бас­тап, 15-желтоқсанға дейін атуға рұқ­сат. Сол секілді, шілді де қыркүйектен бастап, 30-қарашаға дейін аулауға, борсықты 15-желтоқсанға, қабанды 31-желтоқсанға дейін аулау мүмкін­дігі қарастырылған. Кекілік 1-қазан мен 15-желтоқсан аралығында, қыр­ғауыл 1-қараша мен 31-желтоқсан аралығында аулана береді.
Қысқаша айтқанда, аң аулаудың осындай өзіндік тәртібі, яғни, заң­дылығы бар. Сондықтан заңсыз әрекетке барып, қылмыс жасаудың мүлде керегі жоқ. Адам айыппұл арқалағанымен, аң-құстарға үлкен зияны келеді. Дала табиғатына қиянат жасамағанымыз абзал.

Е.Баязитов,
Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі
КММ-нің директоры орынбасары
20 қыркүйек 2023 ж. 244 0