№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

 

Жаңақорған аудандық сотында өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Б.Бекмаханованың қатысуымен брифинг өткізілді.
          Брифинг барысында Жаңақорған аудандық сотының судьясы Э.И.Рыскуловсотталушылар Ә., Б-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 337-бабының 3-бөлігімен қаралған қылмыстық іс бойынша сұхбат берді.

Іс құжаттарына сәйкес сотталушылар Б. пен Ә. адамдар тобымен, 2022 жылғы 16 қарашасында жергілікті уақыт 16 сағат 00 минут шамасында ауылының маңындағы тоғайға таныстары А-ның басқаруындағы автокөлігімен мал іздеуге барып, автокөліктің жолаушы бөлігінде отырған Б. қолындағы аңшы мылтығымен 5 бас қоянды атып алған, ары қарай осы күні сағат 21:00 шамасында сыбайласы Ә. басына жарық күшейткіш құралын киіп алып, бір бас қоянды қолындағы аңшы мылтығымен атып алған, яғни олар аң аулау құқығына рұқсаты болмағанына қарамастан аң аулаған, өздерінің әкеттерімен Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы республикалық мемлекеттік мекемесіне жалпы 137835 теңге мемлекетке шығын келтірген.
Басты сот талқылауында сотталушылар Ә., Б. кінәларын толығымен мойындап, адамдар тобымен автокөлікті, жарықты күшейткіш құралын қолданып заңсыз аң аулағандарын көрсетті.
Сонымен қатар, олардың аң аулау құқығына рұқсаты болмағанына қарамастан заңсыз аң аулаған қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттері полиция қызметкерлерінің баянатымен, оқиға орнын қарап-тексеру жүргізу хаттамасымен, сараптама қорытындыларымен және істің басқа да құжаттарымен толықтай өз дәлелін тапты.
Аудандық соттың  үкіммен сотталушылар Б., Ә. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 337-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге аң аулау қызметімен айналысу құқығынан айыра отырып, 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, бас бостандығын шектеу жазасының барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді.
.
          Брифинг соңында БАҚ тілшісі қылмыстық құқық бұзушылық туралы  іс бойынша сауалдар қойып, оларға нақты жауаптар алды.
         Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
28 ақпан 2023 ж. 176 0