№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Табиғат талан-таражға түспесін

Табиғат талан-таражға түспесін


Соңғы жылдары дала жануарлары мен орман өрті өзекті мәселеге айналды. Әсіресе, аң-құстардың тағдырына алаңдаушылық басым. Ағаштың әр түрін жерсіндіру және өзге де тындырымды тірліктер жөнінде Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің директоры Нияз Мұханов брифинг барысында сөз етті. Әрі, 2021 жылы атқарылған жұмыстарды және алдағы межені саралады.


– Алғашқы сұрақ, орманды молықтыру бойынша қандай жұмыстар атқарылды?
– Бекітілген қадамдық жоспарға сәйкес 2021 жылы орман көлемін арттыруға байланысты көктемде «Ордакент» уақытша тұқымбағының мектеп бөліміне 1 гектар жерге тал, жиде, терек ағаштары қаламшадан егіліп, бір гектарға үйеңкі, катальпа, айлант, қарағаш, үш тікенді қарамала ағашының тұқымы себілді. Орман қорының 12 гектар жер қоршалып, жері жыртылып дайындалып, сексеуіл ағашының 600 келі тұқымы себілді және мекеме күшімен 2 гектарға қосымша сексеуіл ағашының тұқымы себілді. 1 гектарға сексеуіл тұқымынан тәжірибе ретінде атыздап себілді, 24 гектар сексеуіл тұқым бағының айналасына жеміс көшеті отырғызылды. Сонымен қатар 3 гектар жерге жеміс және саялы ағаштардың көшеті қондырылды. Жалпы орман тұқымбақ бөлімінде күзгі санақ нәтижесі бойынша 867,5 мың данадан астам ағаш көшеттері өсірілуде.
– Орман өрттері бойынша тоқталсаңыз.
– Аудан көлеміндегі шаруашылық жерлерінде және мемлекеттік орманды алқаптарда өртті болдырмау және өртке қарсы дайындық жұмыстарын жүргізу жайлы іс-шара жоспары жасалып, ауылдық округтер мен елді мекендерге, шаруа қожалықтарға орман өрттерінің алдын алу мақсатында 75 дана ескерту хаттары таратылды. Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында мекемеде 2 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 8 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады. Жыл басынан бастап, мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман өрті тіркелген жоқ.
Орман қорының санитарлық жағдайын бақылау үшін 548,2 мың гектар аумаққа орман потологиялық зерттеу жұмыстары атқарылды. Орманның санитарлық жағ­дайы қанағаттанарлық жағдайда. Орман шаруашылығы мекемелері мем­ле­кеттік орман қоры учаскелерінде орман заңнамасын бұзудың алдын-алу, оны анықтау мақсатында 7 мәрте аудандық ішкі істер бөлімімен, 47 мәрте орман қызметкерлерімен рейдтер ұй­ымдастырды. Нәтижесінде, орман және аң аулау тәртібін бұзу бойынша 30 жағдай тіркелді. Аң аулау талабын бұзудан 15 дерек орын алса, 15 жағдайда орман заңдылығын бұзған.
– Аң аулау мәселесіне келсек.
– Аң аулау бойынша 15 жағдай тіркелді, атап айтқанда 11 жағдайда ӘҚБтК-нің 382 бабымен екерту түрінде шара қолданылса, 1 жағдайда 7292 теңге әкімшілік айыппұл, 2 жағдайда ӘҚБтК-нің 383 бабымен балық аулау қағидаларын бұзған 2 азаматқа 43755 теңге айыппұл салынды. 1 жағдайда ӘҚБтК-нің 389 бабы бойынша сотқа жолданып, сот шешімін тапқан. Орман заңдылығын өзге де бұзу бойынша 14 жағдай 78 758 әкімшілік айыппұл арқалады. 1 жағдай жиде ағашы бойынша Жаңақорған аудандық полиция бөліміне жолданып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
2021 жылға №006 «Жануарлар дүниесін қорғау» бағдарламасы биотех­никалық іс шаралар бойынша 211,0 мың теңге қаралып, орман қоры жерінің аң-құс мекендейтін алқаптарға қосымша қоректендіру мақсатында 4500 келі жем, 200 келі тұз шашу жұмыстары атқарылды. Жабайы аң құстарға көктемгі санақ жүргізілді. «Киікті қорғауға және браконерьлікке қарсы күрес жүргізу» іс-шарасы бойынша жергілікті халық арасында үгіт-насихат жұмыстары жүр­гізілді. Орман пайдалану бойынша жыл басынан бері 4150,0 мың теңге бюджетке түсірілді. Халықты отынмен қамтамасыз ету мақсатында, орман қорынан тыс жерлерден 7800 текше метр көлемінде жыңғыл бұта өсімдігін босатуға рұқсат беріліп, 2021 жылы аудан тұрғындарымен 4090 текше метр құрайтын жыңғыл бұта өсімдігі босатылып, жергілікті бюджетке 3 млн 280 мың теңге қаржы түсірілді.
Жанама пайдалану бойынша, 163 азаматқа орман қоры учаскелерінен мал жайлымдыққа 72 500 гектар және бау-бақша егуге 142 гектар, шөп шабуға 38 гектар, омарта орналастыруға 0,30 гектар жер берілді. Одан түскен қаржы көлемі 870 мың теңгені құрады. Сатып алынған керек-жарақты саралайтын болсақ, трансформатр, мотопомпа, насос, орман тұқымбақтарының шығымдылығын жақсарту мақсатында 121,0 мың теңгеге гербицид препараты сатып алынды. Біліктілікті арттыру мен мекеменің күрделі жөндеу жұмысын жүргізу үшін жоба, сметалық құжат әзірлеуге 1 152,3 мың теңге қаралды. Орман тұқымбағындағы жас өскіндерді суғару үшін құбырлы құдығына арналған жоба, сметалық құжатына 50 мың теңге қаражат жұмсалды.
– Аудан бойынша көлдер жүйесі жұмысы туралы айтсаңыз?
– Жаңақорғанда жалпы 26 көл бар. Оның ішінде табиғат пайдаланушыларға берілген 24 көл және иесі жоқ 2 көл бар. Олар Шұқырой, Қалғандария, Надувной. Бұл көлдерді табиғат пайдаланушыларға беру үшін ауылшаруашылығы қызмет­керлерімен бірлесіп жұмыстар атқары­луда. Аудан бойынша резервте тұрған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығындағы су айдындары мен учаскелерінде балықтарды заңсыз аулауға жол бермеу мақсатында қорғау жұмыстары жүргізілуде. 2021 жылдың қаңтар айында балықтардың қырылуын алдын алу мақсатында үкі ою жұмыстары жүргізілді. 700 мың балық шабақтарына құтқару жұмысы жүргізілді.
– Алдағы міндеттерді саралай кетсеңіз.
– 791 557 гектар мемлекеттік орман қоры жерін қорғау, сақтау жұмыстарын ұйымдастыру басты мақсат. Орман қоры жернінен 10 375 келі сексеуіл тұқымын жинау, өрт аса қауіпті жерлерде өрт қауіптілігін бәсендету мақсатында, ба­қылаулы өрт сөндіру жұмыстарын жүргізу, 548,2 мың гектарға патологиялық зерттеу жұмыстарымен қоса 80 дана шұңқыр қазу жұмыстары жүргізілуі қажет. «Ордакент» уақытша тұқымбағында 1 га жерге қаламшадан терек, тал, жиде мектеп бөлімі отырғызу, сонымен қатар 1 га жерге үйеңкі, шаған, катальпа тұқымдары себу, 10 га жерге сексеуіл тұқымбағын ұйымдастыру, 400 мың дана саялы ағаш көшеттерін қазу, 17 га орман тұқымбағын механикалық күтіп баптауды көздеп отырмыз.
Орман қоры жерінде және резервте тұрған аңшылық алқаптар және балық шаруашылығы маңызы бар су айдындарын қорғауды ұйымдастыру және бақылауға алу, күріштік алқаптардан балық шабақтарын құтқару алғы күн міндеті.
Жалпы алғанда, аудан аумағында аңшы қауым көп. Бізге таныс қырғауыл, қоян, сондай-ақ, балықтар аяусыз оққа ұшуда. Тіпті соңғы жылдары қырғауыл мен қоянды кәсіп етіп алғандар да аз емес. Оңай олжаны осылай тапқысы келеді. Ең бастысы, табиғат талан-таражға түспесін. Қалғанын уақыт еншісіне қалдырайық.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ

16 ақпан 2022 ж. 298 0