Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 533

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Әкімшілік айыппұл салынды

Әкімшілік айыппұл салынды


Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482 бабының 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азамат Т. Жаңақорған ауданы, Қаратөбе ауылынан батыс жақ бетінің 20 шақырым болатын жерде далалық жерде өзімен бірге ішкі істер органдарына тіркелмеген «ИЖК» үлгісіндегі бір ұңғылы, 16 калибрлі аңшы мылтығын және үш дана атуға жарамды қолдан оқталған 16 калибрлі патронды заңсыз алып жүрген.
Іс құжаттарына сәйкес, өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан тұлға Т-тың әрекеті өз мойындауымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сарапшы қорытындысымен, аңшы мылтығының аудандық полиция бөлімінде тіркелмегені жөнінде анықтамамен және басқа да іс бойынша жинақталған құжаттармен толық дәлелденіп бекітілген.
Аудандық соттың қаулысымен өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан тұлға Т. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 38 892 теңге айыппұл салынып аңшы мылтығы мемлекет пайдасына тәркіленді.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
15 желтоқсан 2020 ж. 772 0