№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Есірткісіз аймақ" жобасы жүйелі жүруде

"Есірткісіз аймақ" жобасы жүйелі жүруде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында тиісті тараптарға есірткіге тәуелділік және есірткі саудасына қарсы ымырасыз күрес мәселесі жөнінде нақты тапсырма берген болатын.


Президент Жолдауындағы міндеттіліктерді іске асыруда еліміздің Бас прокуроры Берік Асыловтың жетекшілігімен кеңейтілген кеңес өткізіліп, онда заңсыз есірткі айналымы мен есірткіге қарсы күресті нығайту талаптары талқыланды.

Міне, осы бағытта Қызылорда облысы прокуратурасының инициативасымен өкілетті органдармен бірлескен «Есірткісіз аймақ» жобасы жасалып, осы бағытта жұмыстар жүргізілуде.

Жобаның мақсаты – осы заманғы озық тәсілдерді ендіре отырып, есірткіге қарсы күрестің механизмін жетілдіруді көздейді. Осы бағытта өңірімізде жұмысшы тобы құрылып, оның құрамына прокуратура және полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган және төтенше жағдайлар бөлімі, орман шаруашылығы қызметкерлері шоғырландырылып, әр органның қызметі айқындалып, жұмыстың негізгі бөлігі алдын-алу шараларына бағытталып отыр.

Осыған байланысты аймақта есірткінің заңсыз сауда айналымын құрықтауда күшейтілген режимде жұмыстар атқарылуда. Барлық техникалық және материалдық мүмкіндіктерді қолдана отырып, оның ішінде әрбір мекендерде ғарыштық түсірілімдер жасалып, есірткі егуге қолайлы деген орындар зерттеліп, табиғи ерекшеліктер ерекше назарға алынды.

Прокуратура қызметкерлерінің басшылығымен жүргізілген кешенді жұмыстар нәтижесінде мал жайылымдық жерлерде бірнеше есірткі егістіктері анықталды. Жаңақорған ауданы прокуратурасы басшылық еткен жұмысшы тобы осы ауданға қарасты Төменарық ауылдық округі аумағында 222 түп тыйым салынған қарасораның түрін тауып, құрықтады. Осы факт бойынша Қылмыстық Кодекстің 300 бабы, 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Облыс прокуроры Нұрлан Бижанов Жаңақорған ауданына арнайы келіп өткізген жиында «Есірткісіз аймақ» жобасы аясында нақты тапсырмалар берді.

Жаңақорған аудандық прокуратурасы
10 тамыз 2023 ж. 262 0