» » Есірткі де қоғам дерті

Есірткі де қоғам дерті



Қазіргі қоғамның өзекті мәселесінің бірі есірткі затының еркін айналымда жүруі болып отыр. Бұл қоғам үшін өте қауіпті. Мұның алдын алу үшін Қызылорда облысы прокуратурасымен “Есірткісіз аймақ” жобасының бірлескен ісшарасы ұйымдастырылуда.
аясында Жаңақорған аудан көлемінде есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлардың және олардың заңсыз айналымы мен есірткі заттарын сақтау және сату, баптау алқаптарын анықтау мақсатында ағымдағы жылдың “Қарасора-2023” жедел профилактикалық іс-шараларын өткізуге дайындық жобасы бекітілген. Жобаның негізгі мақсаты – жер алқаптарына есірткі затын егу деректерін жою, қолданушы азаматтардың санын азайту, уәкілетті және құқық қорғау органдарының жауаптылықтарын қатаңдату болып табылады. Осы жөнінде аудан әкімдігінде арнайы жиын өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе, ауыл әкімдері мен шаруа қожалықтарына егіс науқанында осы мәселеге баса назар аудару міндеттелді.
11 мамыр 2023 ж. 212 0