№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Есірткісіз аймақ – елдігімізге сын

Есірткісіз аймақ – елдігімізге сын


Облыс аумағында есірткіге қарсы күресті ұйымдастыруға  байланысты «Есірткісіз аймақ» жобасы құрылып, кешенді жұмыстар қолға алынды. Аталмыш жоба аясында атқарылған жұмыстар Жаңақорған аудан әкімінің мәжіліс залында  облыс прокуроры Нұрлан Бижановпен аудан активінің  басқосуында жан-жақты талқыланды.

– Жобаның мақсаты – есіртікі қыл­мысын жою. Осы ортақ міндет тұрғысында облыстық әкімиат, про­куратура, облыстық ішкі істер саласы­мен бірлесе іс-шара жоспары бекітіл­ді.  Қылмыстың бұл түрімен жылдар бойы күрес жүргізіліп келеді, – деген облыс прокуроры Нұрлан Дәуренбек­ұлы есірткі алқаптарын табуда және онымен күресте технологиялық жаңа тәсілдердің ендірілгені туралы баяндады. Бұл нәтижелі іске екпін береді. Мұнан әрі  аудан прокуроры Дабыл Аянның хабарламасы тыңдалды.
– Мемлекет басшысының тапсыр­масына сәйкес нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспары бекітілген. Оның негізгі мақсаты есірткінің қоғамға аса қауіпті түрі нашақорлыққа тәуелділікті ерте анықтау, есірткі қолданатындарды уақтылы құрықтау. Осының алдын алу бағытында «Есірткісіз аймақ» жобасы бірлескен іс-щаралар жоспары бойынша прокуратураның бастамасымен аудан әкімінің 17 мамырдағы өкімімен жұмыс­шы топ құрылып, аудан көлеміндегі есепте тұрған 19  тұлғамен кездесу ұйымдастырылып түсіндірме жұмы­сы жүргізілді.  Прокуратура, полиция, жер­гілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы, төтенше жағдай­лар, ақпараттық  коммуникацияқызмет­керлерінен құралған топтың міндеттері айқындалған, әлеуметтік желіде есірткі­ні жарнамалайтын сайттар анықталып отыр. Жұмысшы топпен бірлескен іс-шаралар нәтижесінде әлеуметтік желілерде сайттарға күнделікті мони­торинг жұмысы жүргізілуде, – деді ол. Одан әрі  ауданға қарасты 24 ауылдық округ және  кентті қосқанда жалпы территорияны төрт аймаққа бөліп, ғарыштан жасалған түсірілімдер арқылы есірткі алқаптарының анықталғанын айтты. Cолардың ішінде есірткі алқабы қаупі басым Төменарық ауылына тоқталып, мұнда жайылымдық жері 11 мың 600 га жерді алып жатыр, көлі бар, оған қоса бес скважина, 23 құдық айналасында қолайлылық басым екен­дігін, екінші аймақ бойынша қаупі басым Байкенже мен Қыркеңсе, үшінші және төртінші аймақта Қандөз бен Талап елді мекендері ерекше қадағалауда тұрғанын жеткізді. Жалпы аймақтар бойынша ғарыштық электронды түсіру қондырғысы арқылы зерделеніп мони­торинг жасалғанын айтты. Сонда анықталғандай, Төменарық аумағында  есірткіге ұқсас 222 өсімдік табылған, қазірде сотқа дейінгі зерделеу, тексеру жұмыстары жүріп, сараптама тағайындалғанын айтты. Есірткі аумағын әшкерелеу мақсатында атқарылып жатқан бұл амалдардың барлығын жеке назарында ұстап отырған аудан прокурорыаталмыш жоба аясында әрбір аймақта есірткінің заңсыз айналымын анықтау шарасына еріктілерді де тарту мақсатында 500 мың теңге ынталандыру сыйлығын тағайындау туралы облыс әкімдігіне ұсыныс түсіргенін айтты. Бұл нақты нәтиже беретін қадам болмақ Ауылдағы адамдардың не істеп, не қойып жүргенін қоңсы мен қолаң артық біледі. Еш жерде жұмыс жасамай, қапелімде қалтасы қалыңдап шыға келетін аяқалысы күмәнді ағайынды алды тар, алапат қатерден арашалап қалатын қамқор пейіл қараша қауым­ға бұл ретте үлкен жауапкершілік артылады. Жұмыла тізе қосып, түбі қайғыға батырар қарасораның тамырын қиюға жанашырлықпен атсалысуы­мыз қажет. Осы ретте айналамызға сер­гек көңілмен қарап, нобайы есірткі­ге келетін қай өсімдікті көзіміз шалса да прокуратураның “Сенім телефоны­на” қоңырау шалудың маңыздылығы ескертілді. Сонымен қатар аудан аумағындағы елдімекендер мен  кент аймағында есірткі құралдары және психотропты заттарды өткізетін орындарды анықтау, әшкерелеу оны таратушылар мен тұтынушылардың жо­лын қиып, тиісті жауапқа тартылуына  мүмкіндік беретінін де еске салып өтті. Тағы бір тоқтала кететін нәрсе, ауданның тау беткейлерінде есірткі  тектес көкнәр өсімдігін арнайы баптап өсіріп, өткізіп жүрген күдіктінің қолға түскенін білдік. Ағымдағы жылдың бірінші маусымынан бастап ішкі істер министрлігі мен республикалық «Көк­нәр» жедел  профилактикалық іс шара­сы аясында тікұшақты пайдаланып тау беткейлері мен құмды жерлерде есірт­кі алқаптарын анықтау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда екен. Жалпы, аудан көлемінде барлық есепке алынған есірткіге тәуелді тұлғаның 180-і жұмыспен қамтылған, мал бағады, басқа да жеке кәсіптері бар. Бірақ осы азаматтардың кәсібін жүргізу бағытындақосымша «көлеңкелі» іске тәуекел етпесіне ешкім кепілдік бере алмайды, сондықтан ауыл әкімдері мен учаскелік инспекторларға қадағалауды күшейту талаптары қойылды. Аудан көлемінде орналасқан 44 білім беру ұйымдарын­дағы жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында осы тақырыпта жасырын сауалнама жүргізу жөнінде нұсқау беріліп, ювеналдық полиция бөлімшесінде денсаулық сақтау және психолог мамандарымен бірлесіп, ата-аналармен мектеп оқушылары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліпті.
Аудан прокуроры одан әрі жүргізілген іс-шара барысында тап болған келеңсіздіктер жөнінде мәлімдеді, мәселен,  жұмысшы топтың пайдалануындағы дрон құрылғысының көлемі тым шағын, салмағы аз болуынан желдің кезінде ұшуы қиындап, жұмысты сапалы жүргізуде көп кедергі келтірген. Сондаяқ, таулы аймақтарда жол талғамайтын көліктің  жеткіліксіздігі де талапты іске кедергі болып тұрғанын жасырмады. Одан әрі сөз алған Жаңақорған аудандық полиция бөлімі басшысы Нұрлан Ибраев аудан көлемінде есірткі қылмысының алдын алу және есірткі алқаптарын анықтау бағытында  жыл сайын профилактикалық іс шаралар кешені жоспарлы түрде жүргізіліп келе жатқанын айтты. Ол одан әрі соңғы бес жылда есірткі қылмыстары бойынша анықталған деректерді толығымен келтірді. Байқағанымыз, есірткіні заңсыз баптау және өсіру деректері далалық аймақтармен қатар тұрғын үй жанында кездесуі  жағамызды ұстатты.
 Есірткімен күрес – жалғыз-жарым мекеме, ұжымдардың ғана міндеті емес, бүкілхалықтық сипат алуға тиіс міндеттілік. Сондықтан жиынға облыс прокурорының өзі арнайы келіп маңыз беруі құзырлы орындарға салмақты міндет жүктейтінін жеткізген жиын модераторы – аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы бұл бағытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес зерттеп-зерделеу жұмыстары тиянақты жүргізіліп, нақты нәтиже болатынына сендірді.

Баян ӘЛЕУДІНҚЫЗЫ
12 шілде 2023 ж. 311 0