» » "Есірткісіз аймақ" жобасы аясында нақты жұмыстар жүргізілуде

"Есірткісіз аймақ" жобасы аясында нақты жұмыстар жүргізілуде



«Есірткісіз аймақ» жобасын жүзеге асыру мақсатында облыстық прокуратураның үйлестіруімен жұмысшы топ құрылып, оның құрамына прокуратура, полиция, жергілікті атқарушы орган, орман шаруашылығы, төтенше жағдайлар және телекоммуникация қызметкерлері енгізіліп, әрбір органның міндеттері белгіленді және іс-шараның басым бөлігі профилактикаға бағытталды.
Осыдан кейін аймақ көлемінде есірткіге қарсы күрес жұмысы күшейтілген режимде жүргізілді.
Техникалық материалдық мүмкіндіктердің барлығын іске қосып, электронды ғарыштық түсірілім арқылы алдын-ала мониторинг жүргізіліп, есірткі өсімдігін егуге табиғи ерекшелігі мен жері құнарлы және суға жақын алқаптар анықталып, қолайлы аумақтар белгіленді.
Осы аумақтарда прокуратура қызметкерлерінің ықпалымен жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесінде қашық, далалық жерлерден бірнеше есірткі алқаптары табылды.
Атап көрсеткенде, Жаңақорған аудандық прокуратурасының бастамасымен бекітілген топпен аралау кезінде, Жаңақорған ауданына қарасты Төменарық ауылдық округінің аумағында есірткі өсімдігіне ұқсас 222 түп өсімдік анықталып, ҚК-тің 300-бабы 2-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
«Есірткісіз аймақ» жобасы бойынша атқарылып жатқан осындай жұмыстарға әрі қарайда пәрмен беру мақсатында Қызылорда облысының прокуроры Н.Бижанов Жаңақорған ауданында көшпелі жиын өткізді.
Жобаны жүзеге асыру бойынша құрылған жұмыс тобымен облыс көлемінде осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру және қадағалау мен бақылауды күшейту үшін нақты тапсырмалар берді.
08 маусым 2023 ж. 234 0