Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАЛАМГЕРЛЕР ҚҰТХАНАСЫНЫҢ КИЕСІ

ҚАЛАМГЕРЛЕР ҚҰТХАНАСЫНЫҢ КИЕСІ



Биыл төл басылымымыз "Жаңақорған тынысы" газетіне 90 жыл толады. Тарихи мерекеге орай А.Сопыбеков атындағы аудандық орталықтандырылған кітапханасының оқырман залында қарымды қаламгерлер, ардагер журналистер, жас тілшілер бас қосты.
Осы кештен соң өзімнің алғаш рет редакцияға келген күнім еске оралды. Жетінші сыныпқа өткен кезім еді. Ауданға мүшайраға әділ қазылық еткен Құдайберген Ертас деген қарымды қаламгер бас жүлдені қанжығама байлап беріп, "сенен үлкен жазушы шығады-ау, бізге жіберіп тұратын мақалаларыңнан ерекше стиль байқадым, - деп айтқаны есімде. Мүшайра соңында өзінің жұмыс орнына ертіп келіп, "бұл киелі шаңырақтан талай тарлан жазушы түледі. Атап айтсам, Адырбек Сопыбеков, Жақсылық Рахматулла, Жолтай Әлмаш, Жұмабай Әбіл, тағы да басқа танымал қаламгерлердің еңбегі осы газетте жарияланды. Осы шаңыраққа небір сөз қадірін ұққан дарынды адамдар сұхбат берді" - деп ұжымын таныстырғаны есімде.

Иә, сол Құдайберген Ертасов нұсқаған киелі құтханадан түлеген тұлғалармен студент шағымда аралас болдым. Драматург Жұмабай Әбілден сыни мақала жазуды үйрендім. Жақсылық Рахматулла ағамыздан көркем шығарма жазуды, Адырбек Сопыбеков көкемнен (бір ауылда туылған әрі бір әулеттен шыққанымды мақтан етем) поэзия жанрын меңгеруге ынталандым.
Сол "журналист болам" деп талпынған кішкентай қыз бүгінде осы қарашаңырақтың тілшісі болды. Бұл мен үшін үлкен арманымның орындалғаны деп ойлаймын. Кәсіби тұрғыдан үш редактордың шығармашылық мектебін көрдім. Қаныбек Әбдуовтің кезінде жұмысқа қабылданып, Нұрлат Бәйгенженің тәжірибесін бойға сіңірдім. Көпшілік қаламгерлік қасиетін мойындаған Баян Үсейінова апайымдай беделді тұлғаға айналсам деген арманым барын жасыра алмаймын. Тектілігі бір төбе асылдардың соңынан ілесіп, өз қолтаңбамды қалдырғым келеді. Шығармашылық ортада сіңісіп, адами болмысыммен еңбек етіп келемін.
Бұқара мен билік арасында алтын көпірге айналып, тұщымды ой-пікір айтып, әділдікті ту етіп, жақсылық жаршысы болуды басты мұрат еттім .
Шығармашылық кеште айтқанымдай: Білікті маманға сұраныс көп. Журналист өзінің қарым-қабілетіне сай елдің қошеметіне бөленеді. Ал, мансапты ғана көздегендер уақыт өте келе шығармашылық қияметтің шаңын қауып қала бермек.
"Журналистің жегені жантақ, арқалағаны алтын" десек, өз жауапкершілігімізге адал болсақ ұпайымыз түгел болғаны! Құтханамның мерейі арта бергей!

                                                                                                                                              Мақпал Пәтенова
05 сәуір 2023 ж. 126 0