ӨНЕР ҚОНҒАН ОТБАСЫ
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кең бұра. Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра! Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана, Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана! Иә, Қадір Мырзалиев ақынның осы бір өлең жолы қазақтың таным-түсінігінде домбыраның киелілігін, қадір-қасиетін меңзейтіндей. Ата-баба дәстүрін жоғалтпай, қасиетті домбыраның жасалу жолын жаңғыртып жүрген санаулы шеберлердің бірі – Нұрлан Бөрібековтің өз күшімен тұрғызған шағын ұстаханасында болып, ұлттық құндылық жайында әңгіме өрбіткен едік.
Киелі қазақ домбырасын жасау технологиясын меңгеру оңай іс емес. Жылдар бойы тәжірибе жинаумен қатар ептілікті қажет ететін өнерді кәсіпке ұштастыра білу нағыз шыдамды шебердің ғана қолынан келетін іс. Міне, осындай ұлт алдындағы жауапкершілік жүгін арқалаған ағаш шебері Нұрлан Шәкенұлы ұлыстың ұлы мерекесі қарсаңында өз ісін кеңейтіпті. Жаңа ғана жасап шыққан домбырасын қолына алып, бір-екі шертіп көріп, сөз бастады. – Ұсталық қанымызда бар қасиет. Арғы атамыз Бөрібай темір түйген ұста болса, нағашы атам Ағыбай ағаш шебері болды. Біз інім Ержан екеуміз шағын ұстаханада нағашы атамызға жәрдем беріп, ұсталықтың қыр-сырын көңілімізге қондырғандаймыз. Кейін Ержан осы жолды таңдап, түрлі технологияны меңгеру үшін атақты шеберлерден дәріс алды. Ауылдағы үйден шағын домбыра жасайтын цех ашып, қасына жәрдемші болдым. Қарапайым халық қана емес, елдегі беделді тұлғалар мен эстрада,өнер жұлдыздары арнайы домбыраға тапсырыс бере бастады – деді. Көркем өнері көптің сұранысына ие болып үлгерген кейіпкеріміз Қаратаудың етегінде қоныс тепкен Қосүйеңкі ауылында тұрады. Жары Задагүл Биақметова екеуі де мектепте қарапайым қызметкер, үш ұл, бір қыз тәрбиелеуде. Бос уақытында шеберхана ағаш өңдейді. Қаратаудың қойнауы үйеңкі, терек, жиде ағашына бай. Осы ағаштарды керегіне жаратып, жаңқаға жан бітірген шеберге сұраныс мол. Домбыраның дыбысы анық шығуы үшін оған қажетті тал-теректі баптаудың маңызы зор. Қобыз бен домбыраны қатар ойып, шеберлігін шыңдап жүрген жерлесіміздің шеберханасында адам қарасы үзілген емес. Соның бірі – «Әлшекей» өнер мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұғман Ержанов: – Ұлттық өнерді насихаттау әр адамның парызы. Қазақтың киелі домбырасын қашап, ұрпаққа мұра етіп жүрген Нұрлан Бөрібековтің ерең еңбегі құрметке лайық. Асыл мұрамыздың аласармауы үшін осындай шеберлерді мемлекет тарапынан қолдау керек деп ойлаймын, – дейді ол. Қазақтың төл өнерінің ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп, өзінен кейінгі інілері мен ұлдарына білгенін айтып, насихаттап жүрген жерлесіміздің ісіне береке тіледік. Осындай дәстүрге негізделген кәсіпке мемлекет тарапынан қолдау болса, шағын кәсіптің тасы өрге домалар еді. Шама-шарқына сай шағын кәсіпті ел игілігіне арнап отыр. Бұл туралы шебердің өзі: – Жаратқанның бойыма берген ұсталық өнердің арқасында қосымша табыс тауып отырмын. Кейде тапсырыс мол түссе, кейде сұраныс болмай жатады. Жалпы, мен домбыра жасауды тек қаржы табудың көзі деп есептеген емеспін. Шығармашылық шабытыма қарай, жандүниемнің үйлесуіне сай ұстаханаға кіремін. Осы өнерді қолға алғаныма жиырма жылдан асса да мемлекеттен жәрдем сұрап көрмедім. Себебі, менің шағын кәсібім өз шығынын толық өтеп тұр деп санаймын. Әкеміздің ізі мен қолының табы сіңген ұстахана мен үшін сондықтан киелі! –деді. Бұл ұстахананы ауылдағы халықтың бәрі біледі. Сынған музыкалық аспаптарын жөндететіндер осы үйге келеді. Ал ауылдың ибалы келіндері ұстахананың маңынан өткенде ерекше құрметпен иіліп сәлем салатын көрінеді. Бұл қазақ дәстүрінде ұмытылып бара жатқан салттың бірі. Бір сөзбен түйсек, ұстахана – киелі құт мекен. Жаратқанның нұры түскен сәулелі мекенге біз де тәу еттіп, ұлттық өнердің қайнар бұлағы тарылмай, кеңге қанат жая түсуін тіледік. Мақпал МАРҚАБАЙ