№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Домбыра күні – ұлттың үні

Домбыра күні – ұлттың үні


«Екі ішектің бірін қатты, бірін сәлпәл кем бұра. Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра! Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана: Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана!»

 Иә, Қадір ағамыздың осы бір өлеңінде қазақтың тектілігі, қадірқасиеті, өткені мен бүгіні, келешегі, дала төсіндегі тыныс-тіршілігі, барлығы да осы қос ішектің үнінде екені есіп тұр. Ұлттың болмысбітімін, мыңжылдықтар көшін, ата-бабаның арман-тілегін тыңдағың келсе домбырамен сырласу керек. Домбыраның кең шанағынан күй төгілгенде іштегі риясыз толғанысты бүгіп қалу мүмкін емес. Оның сыры – қазақ пен домбыраның арасындағы рухани жақындығы. Алғашқы ноталарынан-ақ, сайын даланы көз алдымызға елестетіп, тұлпар тұяғының дүбіріне елітіп, әуенге ырғатыла тербеліп кететініміз де содан. Шерменде көңілдің шерін тарқатып, қаяу көңілге күй сыйлаған құдіретті құралдың көне заманнан сыр шертер тарихын ақтарып, ұрпақтың санасына рухани азық ету басты парыз. Сондықтан шілденің алғашқы жексенбісі домбыра күні болып белгіленіп, атап өту дәстүрге айналып келеді.
 Орталық алаңда аудан өнерпаздары бірігіп, «Дәуір үні – домбыра» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Алдымен өнер ұжымы мен көрермендерді аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы құттықтап, жылы лебізін білдірді.
– Ұлы мұрамызды ұлықтайтын ұлттық домбыра күнімен аудан жұртшылығын шын жүректен құттықтаймын.
 Домбыра – қазақ халқының рухани құндылығы, қасиетті қазынасы. 4 мың жылдай тарихы бар домбыра үні кім-кімді болса да таңқалдырмай қоймайды. Кешегі Құрманғазы, Тәттімбет, Қазанғап, Дәулеткерей, Дина мен Сүгірдің жыр-термелері ұрпақтан ұрпаққа мирас болып жалғасып келеді. Киелі Жаңақорған топырағында күйші Әлшекей, Құлан, Құтбай сынды жыраулар қазақ өнерінің аңызына айналды. Манап ақын, Төлепберген Әбдірашев пен Бәден Айсынов сынды алдыңғы аға буынның домбыра үнін кейінгі ұрпаққа жеткізген еңбегі ұшантеңіз. Осынау қасиетті де, қастерлі, ұлттық аспабымыз әр үйдің төрінен табылсын, – деп аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады. 
 Дереккөздеріне қарағанда, ІV ғасырда Арал теңізінің батысы мен Жамбыл өңіріндегі археологиялық қазбалардан тасқа қашалған екі ішекті аспаптың суреті табылған. Ғалымдардың болжамынша, домбыра тас дәуірлерде пайда болуы мүмкін. Иә, домбыра атабабамыздың оқыса – кітабы, қуанса – досы, сырласы болды. Домбырада адамның дертіне дауа болатын сыршыл үн бар деседі. Әл-Фарабидің еңбектерінде «қос ішек адамның денсаулығын жақсартып, өмірін ұзартады, күш-қуатын арттырып, батылдыққа баулиды» деп жазылған. Зерттеушілер домбыраға екі ішек тегіннен-тегін тартылмағанын, оның үстіңгі ішегі – аспанмен, астыңғы ішек Жер-анамен тілдеседі деседі.
 Таңмен таласа қолына домбырасын ұстап, орталық алаңда бас қосқан өнерлі ұландар көрермендеріне керемет көңіл-күй сыйлауға келді. Аудан мәдениетінің майталманы, ардагер абыз Бәден Айсынов бастаған домбырашылар Құрманғазының «Адай және «Балбырауын» күйін нақышына келтіре орындап, тамаша тарту жасады. Күй – құдірет. Күй – Тәңірдің сыйы. «Қазақтың өнеріндегі ең күрделісі, толғаулысы, сырлысы ол – күй өнері», – деп Мұхтар Әуезов тегіннен-тегін айтпаса керек. Шараны әншілер блогы жалғап, әдемі әнмен әрледі.
 Кеш Әлшекейдің «Терісқақпай» шығармасымен жалғасты.
– Қазақтың қазақы болмысын, тарлан тарихын осы бір екі ішектің сыңғырынан тануға болады. Ұлттың мұңы да, жыры да, қайғысы мен қуанышы да, барлығы киелі аспаптың үнінде жатыр. Сондықтан бұл аспап біздің мәңгілік мұрамыз. Ерекеше көңіл күй сыйлап жатқан ауданның өнерлі ұжымына алғыс. Қасиетіміз қастерлі, мұрамыз мәңгі болсын, – деп аудан тұрғыны Күлаш апамыз ризалығын білдірді.
 Осы күні орталық алаңда «Күмбірле, қазағымның домбыра» атты шараны аудан тұрғындары тамашалап, кешкі кештен керемет әсер алды.

Әли Темірбек
03 шілде 2022 ж. 434 0