№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аграрлы сала ел әлеуетінің өзегі

Аграрлы сала ел әлеуетінің өзегі

Биылдың өзінде азық-түліктің бағасы 22 процентке қымбаттады. Бұл жөнінде Үкіметтің цифрлық кеңесінде Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлімдеп, оны тежеуді тапсырды. Иә, жыл сайын аграрлы саланың салмағы артып, өнім өндіру өндірісіне аса қатты көңіл бөлінуде. Өйткені, базар бағасының бұлай құбылуына ең бірінші импорттың әсері қатты әсер етуде. Екіншіден, өңдеу өнеркәсібінің аздығы. Сондықтан, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру ісіне басымдық беріліп, қайта импорт көлемін ұлғайтуды көздеп отырмыз. Бұл Сыр диқандарына да қатысты мәселе. Себебі, аймақ диқаншылары енді әртараптандыру бағытына бет бұра бастады.


  Өткен аптада Сыр еліне арнайы сапармен келген Үкімет басшысы агро-кешен бойынша жоспарды жүйелеп, басым бағыттарға тоқталды. Биыл өңірдің аграрлы-өндірістік кешен саласына құйылған инвестициялары 8,5 процентке өсіп, 250 жаңа жоба іске асырылуда. Жалпы, еліміз өзін азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз етуі керек деген Үкімет басшысы өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесті. Бірқатар мәселені, соның ішінде суармалы сумен қамтамасыз ету және күріш өсірушілердің заманауи ауыл шаруашылығы техникасына қолжетімділігін кеңейту мәселелерін талқылады. Әлихан Смайылов өнім өндірушілерді мұқият тыңдап, проблемалық мәселелерді шешу Үкіметтің назарында екенін атап өтті.

«Мемлекет ауыл шаруашылығы саласына үлкен қаржылық қолдау көрсетеді. Дегенмен, өндірушілер де өз тарапынан халыққа сапалы және қолжетімді азық-түлік тауарларын ұсынуы қажет», – деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар, Әлихан Смайылов азықтүлік тауарларының бағасын ұстап тұру, облыс тұрғындарын жылумен, электрмен және сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру қажеттігін алға тартты. Әрі, суару технологиялары мен кезектілігін ұстануды және коллекторлық-дренажды суларды қайта пайдалануды, су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарын жалғастыруды, жерлердің мелиоративтік жағдайына мониторинг жасауды күшейтуді, каналдардың жөндеу жұмыстарын жүргізуді, суару желісінің магистральдық және шаруашылық арналарын тазартуды қамтамасыз етуді тапсырды.

Былтырдан бастап біздің аудан егін шаруашылығын әртараптандыруды қолға алды. Ақ егістен бақша және дәнді дақылдарға көбірек басымдық берді. Биылдың өзіндегі нәтиже жаман емес. Мәселен, азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында әр отбасына өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар тауарлар оның ішінде картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз ету бағытында қосымша жер берілді. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан бойынша үй іргелік жерлердің жанынан 0,15 соттық көлемде 1307 отбасы тарапынан барлығы 196 гектар жер көлеміне картоп, көкөніс және бақша дақылдары егілді.

– Жайылма, Ақүйік ауылдық округтерінде керіз жобасы арқылы картоп, көкөніс, бақша дақылдарын орналастыру жұмыстары қарқынды жүргізілді. Тамшылатып суару технологиясымен Талап ауылдық округінде «Қызылорда Агроплюс» ЖШС-де 10 гектар және Жайылма ауылдық округінде «Жиделі» 2 гектар қызанақ екті. Осы технологиямен Сүттіқұдық ауылдық округінде жеке тұрғындар есебінен 4 гектар бақша дақылдары егілді. Жаңбырлатқыш суару технологиясымен Жаңақорған кентінде «Қарақожа-Ата» шаруа қожалығында 15 гектар жоңышқа дақылдары суарылды, – деді ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев.

Сонымен қатар, елімізде орын алған қант тапшылығына орай ауданымызда қант қызылшасы дақылын егу жұмыстары қолға алынды. Тәжірибе жүзінде егілген қант қызылшасының тұқымы Алматы облысы, Қазақ Егіншілік және Өсімдік шаруашылығы Ғылымизерттеу Институтының ғалымдарымен бірлесе тазаланып, дәріленген қант қызылшасының тұқымының 1 репродукциялы гибрид Ақсу сортын алдырып, Жайылма ауылдық округіне қарасты «Сенім» шаруа қожалығының 2 гектар алқабына тәжірибе ретінде егілді.

Бұл мәліметтерге неге айтып отырмыз, себебі жоғарыда айтқандай жыл сайын күнделікті тұтынатын тауардың құны өсіп барады. Осы түсінген Үкімет өнім өндіруді қолға алатын шаруашылықтарға мүмкіндігінше жағдай жасауға бел буды. Мәселен, Сарыағаш, Жетісай өңірлерінде бақшадан бөлек, жеміс ағаштарына  басымдық бере бастады. Соның ішінде лимон, құлпынай сынды жемістердің жылыжайын жеделдетіп көбейтуде. Бұл біріншіден табыс көзі, екінші, ішкі нарықты реттейді. Өйткені, шет елден келетін тауар делдалдар кесірінен құны үш-төрт есеге өсіп кететіні айтпаса да түсінікті.

Ал, мал шаруашлығы жөнінен Жаңақорған ауданы көш ілгері. Тек жайылымдық жердің аздығынан қиналатынымыз болмаса мал басын көбейтуде рекордтық көрсеткішке жақындадық. Мал азығын дайындауда биылдан бастап жақсы нәтиже көрсетуде.

– Аудан бойынша 2022-2023 жылғы қысқа түсетін шартты мал басы нақтыланып (121 мың бас), 182,5 мың тонна шөп, 36,5 мың тоннна сабан және 37,1 мың тонна жем дайындау жоспары бекітілді. Қазіргі уақытта 182,5 мың тонна шөп дайындалып шаруа қожалықтардың 100,0 пайызы шөппен қамтылып, сабан 36,5 мың тонна (100 пайыз), жем 37,1 мың тонна (100 пайыз) жиналды, – деді жауапты сала басшысы.

Соңында айтарымыз жалпы аграрлы саланың серпінді жүруі ел әлеуетінің артуына мол септігін тигізеді. Өйткені, әсіресе ауылдағы ағайынның негізгі кіріс көзі осы сала. Сондықтан, агрокешен өндірісіндегі жүріп жатқан басым бағытқа мейлінше дұрыс қарау маңызды. Бұл экономиканың да өрлеуіне мол мүмкіндік жасайды.

Әли Темірбек

05 шілде 2023 ж. 286 0