Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 143

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 158

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 986

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 487

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 682

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 669

№25 (8633) 28

28 наурыз 2023 ж.

№24 (8632) 25

25 наурыз 2023 ж.

№23 (8631) 21

21 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Егістікке қандай қолдау бар?

Егістікке қандай қолдау бар?

Биыл ауыл шаруашылығы дақыл­дары 13,5 мың гектарға артық егіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. «Ішкі нарықта азық-түлік тауарларының нақты қол­жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, бірінші кезекте, көктемгі егіс жұмыста­рын уақтылы және сапалы жүргізу қажет. Облыстардың деректері бойынша 2022 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,9 млн гектар алаңға егу жоспарланып отыр. Бұл 2021 жылғы деңгейден 13,5 мың гектарға артық», деді министр.
– Агроөнеркәсіптік кешен субъек­тілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін ауыл шаруашылығы да­қылдарын өсіру, оның ішінде ерте пісетін көкөністер мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін «Кең дала» бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен фер­мерлерге жеңілдікті несие беруді 140 млрд теңгеге дейін ұлғайту пысықталуда. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге арзандатылған дизель отынымен қам­тамасыз ету мәселелері шешілуде, – деді Ербол Қарашөкеев.
Міне, мүмкіндік. Өткенде бір гектар картоп және бір гектар күріштің шығымы мен түсетін пайдасы туралы жазғанбыз. Былтыр бағасы хит болған сәбізді қолға алуға да болады. Өйткені, қазірдің өзінде базарларда картопқа қарағанда сәбіз бағасы тым қымбат.
Елдегі қымбатшылықтың ырыққа көнбей тұрғаны рас. 2021 жылы елдегі инфляция деңгейі қазан айында 8,9 пайызға дейін шарықтады. Мәжіліс отырысында Мемлекет басшысы Қа­зақстан үшін жаңа кезең басталатынын қадап айтып, баға мәселесіне тағы да тоқталды. Қымбатшылық дегенде, әуелі азық-түлік мәселесі алға шығады. Азық-түлік инфляциясының жеделдеуі – көкөніс, соның ішінде картоп, сәбіз, қызылша бағасының күрт өсуіне, соңында оның ауқымды тапшылығына алып келді.
Қорыта айтқанда, қаңтар айы аяқ­талуға жақын. Енді алда бір айды артқа тастасақ дала жұмысы басталады. Егінші кетпенін сайлап, егіс басына аяңдайды. Ең бастысы, кент, ауылдық округ әкімдері жұмысты қалай, қандай деңгейде ұйымдастыруына байланысты. Бұл әкімдердің қабілет-қарымына да сын болмақ. Алдағы уақытта бұған арнайы тоқталып, тапсырмалар қалай орындалып жатқаны жөнінде жиірек жазатын боламыз. Ал, қалғаны уақыттың еншісінде...
Әлібек ТЕМІРБЕК
23 қаңтар 2022 ж. 1 909 0