№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ – ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕ

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ – ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕ

  Қазіргі таңда жер шарында 7,5 млрд-қа жуық адам бар екенін ескерсек, 2050 жылы жаһандағы тұрғындар саны 10 млрд-тан асуы ықтимал. Бұл азық-түлікке деген сұранысты арттыратыны сөзсіз. Алайда адамзат баласының көбеюімен салыстырғанда әлемде азық-түлік өндіру көрсеткіші екі есеге төмен екен. ЮНЕСКО тарапы 2020 жылға қарай тамақ өндіріміне деген сұраныс 85 пайызға өседі деп болжауда. Осы тұста, 18 миллион тұрғыны бар, 2050 жылы халық саны шамамен 25 миллионға жетуі мүмкін Қазақстанды да бұл мәселе алаңдатпай қоймайды. Белгілісі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – еліміз үшін де ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі басты мәселенің бірі. Өйткені, азық-түлікпен толық қамтамасыз етпейінше, бірде бір ел басқа елден тәуелділіктен құтыла алмайды.



   Елбасы Жолдауларында елдегі аграрлы секторды дамытып, ке­ле­­шекте азық-түлік өнімдерін экс­порттаушы негізгі елдердің қата­рынан табылуды тапсырған болатын. Экспорттан бұрын, ішкі жағдайға бір үңілсек. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлі­метіне сүйенсек, Қазақстанда 40 пайызға жуық сүтті, 29 пайыз етті, 43 пайыз көкөністі сырт елдің бақшасынан тасымалдайды. Елдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің 80 пайызы шикізат күйінде шығарылады, яғни технологиялық мешеулік салдарынан дайын өнім шығара алмай отырмыз. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінде ерекше мәнге ие отандық өнім, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеуде бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асуда. Десе де, айрықша атап өтерлігі, Қазақстан астық дақылдарын аса ірі экспорттаушылар қатарында.
 
  Президент «100 нақты қа­дам» Ұлт Жоспарында: «Сүт жә­не сүт өнімдері өндірісін да­­мы­ту үшін стратегиялық инвесторлар таратудағы негізгі міндет, үш жыл ішінде ТМД елдері нарығында шығарылатын өнімдердің жартысына дейінгі экспортты қамтамасыз ету, ауылда кооперативтік өндірісті дамыту арқылы шетелдік үлгілерді ұйым­дастыру керек» деген болатын. Әрине, ұсақ шаруалардың өндірістік кооперативтерге бірігуі өзі үшін ғана емес, өңір экономикасы үшін де маңызы зор. Бұл бағыттағы жұмыс нәтижесі бойынша, Жаңақорған ау­даны аймақта көш басында. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінен алған мәліметке сүйенсек, бүгінге дейін егін егу, қайта өңдеу және мал шаруашылығы бағытында 50-ге жуық ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі құрыл­ған. Олар бүгінгі таңда «Агробиз­­­нес-2020», «50 ауыл» бағдар­лама­­­сының мемлекеттік қолдау ша­ра­лары аясында кәсіптерін дөңгелетуде. Бұл тұрғыда өндірістік тұрғыда іріленуден ұтарымыз көп. Мемлекеттің діттеген мақсаты – отандық экономиканың, оның ішінде агроөнеркәсіп кешенінің өзекті мә­селесі – осы саланы дамытып, ауылдағы еңбек өнімділігін арт­тыру. Сондай-ақ, аудан әкімі Ғалым Әміреевтің инциативасымен аграр­лы салада жарқын жобалар мен жаңашыл бастамалар жүзеге аса бастады. Соның айқын бір көрінісі өткен жылы аудан орталығында тарихи оқиға орын алды. Елбасы Жолдауынан туындаған басым бағытты одан әрі дамыта түсу мақсатында өңірде тұңғыш болып агро-инудстриялық аймақтың тұсауы кесілді. 152 гектар жер бө­лініп, халыққа тегін үлестірілді. Бақша, көкөніс өнімдері еккен Ақүйік, Шалқия, Жаңақорған кентінің тұрғындары азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өзіндік үлестерін қосуда. Оған қоса, агроөнеркәсіп кешенін дамыту және ауылдық округтерде өзін-өзі жұмыспен қам­туға ниетті тұрғындарға жағдай жасай отырып картоп, көкөніс және бақша өнімдерін өндіруді арттыру мақсатында биыл 5 ауылдық округ­те агро индустриялды аймақтар ашылған.

АЗЫҚ-ТҮЛІК ЭКСПОРТЫ

   Жоғарыда елдегі экспорт әлеуетін арттыру жөнінде айтқан болатынбыз. «Бес жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын, тиісінше, кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырамын». Бұл Президент пәрмені. Биылғы Жол­даудағы он басымдықтың бірі – экспорт әлеуетін арттыру. Яғни, Мемлекет басшысы отандық өнім­ді халықаралық нарыққа шыға­рудың стратегиялық жолын тауып, ілгерілетуді айрықша атады. Қазақстан Республикасының Инвес­тициялар және Даму министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2017 жылы Қазақстанда 2 млрд долларға жуық 114 млн. тонна азық-түлік тауарлары экспортталған. Атап айтқанда, Ауғанстанға, Біріккен Араб Әмірлігіне, Иранға, Қытайға өсімдік майы мен бал, ет және құс өнімдеріне сұраныс артқан. Оның ішінде, Жаңақорған ауданынан бір ғана «Көбелдес» шаруа қожалығы Иранға 850 бас қозы экспорттаған. Оған қоса, жайылмалық диқандар Ресейге 4754 тонна қауын-қарбыз экспорттаған. Бұл да болса, брендті бақша өніміне шетел нарқында сұраныстың мол екенін байқатады. Сондай-ақ «Тасболат-А» ЖШС Кедендік одақтың мүмкін­дігі пайдаланып, Ресейге, Қыр­ғызстанға, Өзбекстанға, Тәжікстан­ға «Лидер», «Фаворит» элиталы күрішті экспорттаған. Бір сөзбен айтқанда, Сыр елінен 89,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері шетел асқан. Оның ішінде, Жаңақорған ауданының да үлесі қомақты. Расында экспорттың көлемін арттыру әлемдік нарықта еркін және бәсекелестікке төтеп бере алатын тауар шығаруға ынталандырады. Яғни, отандық өндірістің екінші тынысы ашылып, көкжиегі кеңейеді. Бұл өз кезегінде Елбасы Жолдауында айтылған бүкіл әлемге танылатын «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін қалыптастырып, ілгері­леуге мүмкіндік береді.

  Түйін. Әлемдік тәжірибемен тәмамдасақ. 1970-80 жылдары-ақ Германия, Франция, АҚШ елдері азық-түлік қауіпсіздігіне бағытталған шаралар бойынша алдымен фермерлердің құқығын ерекше қорғайтын заңдар қабылдаған. Яғни, фермерлерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсету арқылы азық-түлікке деген ішкі сұранысты қамтамасыз еткен. Демек, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу өнеркәсібі экономиканың негізгі бір саласы ғана емес, ол – азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі. Мемлекет басшысының аграрлы саланы экономиканың драйверіне айналдыру пәрмені де осы азық-түлік қауіпсіздігіне тегеуріндІ тосқауыл болу. Ішкі сұранысты қанағаттандыра отырып, әлемдік азық-түлік саласын жақсартуға өз үлесін қосуға ниетті. Бұл бағытта елімізде бірқатар шаралар қабылданып, өзіндік қам-қарекетін жасауда.

22 желтоқсан 2018 ж. 1 289 2

Гость Jeahulalf от 20 ақпан 2019 00:22
Drug Cephalexin Discount Nonprescription Tadalis Sx viagra Kamagra Pharmacy Online Buy Roaccutane Online Uk

Гость Jeahulalf от 10 наурыз 2019 21:21
Priligy Customer Reviews sertralina de 50 mg where can i buy Vosteran Prix Du Levitra En Hausse Order Kamagra Online