№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үкімет басшысы сыр өңірінде

Үкімет басшысы сыр өңірінде

Кеше Қызылорда облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьерминистрі Әлихан Смайылов келді.

Үкімет басшысы ең алдымен шыны зауытына барды.
Жылына 197 мың тонна өнім шығаруға қабілетті шыны зауыты іске қосылып, қазан айынан бастап алғашқы өнім шығарды. Бүгінде 17 мың тонна шыны Астана, Алматы, Шымкент қалаларына жөнелтілді, алдағы уақытта өнімді Өзбекстанға экспорттау жоспарлануда. Биылғы жылы шамамен 30 мың тоннаға жуық шыны шығару жоспарлануда.
Одан әрі Үкімет басшысы жаңа ЖЭО құрылысының жобасымен танысты Атап айтқанда, қаладағы 67 МВт электр қуаты мен 341 Гкал/сағ жылу энергиясын өндіретін ЖЭО-да болды. Сондай-ақ ол оңтүстік өңірлерді үздіксіз қуат көздерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жалпы қуаттылығы 240 МВт және 277 Гкал/сағ болатын жаңа жылу электр орталығының құрылыс жобасымен танысты. Шетелдік инвестициялар есебінен іске асырылып жатқан жобаны 2025 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
– Ел экономикасы дамуымен қатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандар да көптеп іске қосылуда, сондықтан қосымша энергия көздерін жедел Ейске қосу қажет. Осы міндеттер аясында Қызылорда облысында жаңа ЖЭО салынады. Бұл жобаны да уақытылы аяқтау керек», – деп атап өтті Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ Үкімет басшысы Сырдария өзенінің арнасында орналасқан Қызылорда су торабының жұмысымен танысты. 2020 жылы ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес гидроторапты кешенді қайта құру басталды, оны келесі жылы аяқтау жоспарлануда.
Премьер-Министр қазіргі уақытта Су саласын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеу аяқталуға жақын қалғанын, оны іске асыру инвестициялар тартуға және бірінші кезектегі проблемалық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Алдағы вегетациялық кезеңде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді суармалы сумен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар да қарастырылған. Белгіленген су лимитін алу бойынша келіссөздер жалғасады.
26 желтоқсан 2022 ж. 324 0