Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Робототехника - болашақтың бағдары

Робототехника - болашақтың бағдары


Жасөспірімдердің бос уақыттын тиімді пайдаланып, қабілет-қарымын шыңдап, зейінін арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Экононикасы дамыған озық елдің отыздығына енуді мақсат тұтқан еліміз жас өрендерді ерте жастан ғылымға, жаңа технологияға бейімдеуді үрдіске айналдыуда. Осы бағытты негізге алған аудандық оқушылар орталығында үйірме жұмыс істейді. Біз бүгін осы үйірме жетекшісі Дастан Қадыровты әңгімеге тарттық.

– IT технопаркі бізде 2017 жылдан бастап робототехника үйірмесі жұмыс жасап келеді. Қазіргі заманауи жабдықтармен жабдықталған. Робототехника кабинеті LEGO mindstorms EV 3 жинақтарымен жабдықталған. Оның ішіндегі бөлшектер майда детальдары. Балалардың ойлау қабілетін, қолдын моторикасын дамытады. Бүгінде ауылдағы мектептерде де робототехника үйірмелері ашылуда. Бұрын қаланың білім ордаларында мұндай сабақтар жүргізілсе, енді ауыл балалары инновациялық игіліктерді меңгеруіне мүмкіндігі мол. IT технопаркінде 3 үйірме бар. Олар Smartlab, 3D әлемі, робототехника. Smartlab үйірмесінде балалар IT программалық тілдерді үйренеді. 3D әлемі 3 өлшемді сызба сызады. Жасаған сызба жұмыстарын 3D принтерімен шығарады.

– Қазіргі таңда аудан орталығындағы мектептерден робототехника үйірмесіне 36 оқушы келіп дәріс алады. Шыны керек, күн өткен сайын балалардың қызығушылығы артып келеді. Техника құрастыру оңай емес. Оған уақыт, білім, күш-жігер қажет. Робототехника үйірмесінен қатысушылар математика, информатика, физика, ағылшын геометрия, пәніндегі формулалармен жан-жақты зерделі жұмыс істейді. Мәселен, олар математика пәнінен бір формула үйренсе үйірмеде сол формуланы пайдаланып тәжірибе жүзінде шындайды. Физикалық күш арқылы роботты, оның қимылын жасайды. Программалары көбіне ағылшын тілінде. Робот жасау арқылы балалардың ойлау қабілеті дамиды, теориялық ілімді тәжірибе жүзінде жүзеге асырады. Оқушылар 3 топқа бөлініп әр топта 12 оқушыдан болады. Олар роботты құрастыруды және бағдарламалау негіздерін үйренеді. Үйірмеге жас ерекшеліктеріне қарай 9 жастан жоғары жеткіншектерді, ал кейде ынтасы жақсы оқушыларды да қабылдаймыз. Мұнда олар роботтардың жеңілінен бастап күрделісіне дейін жасап шығады, – дейді.

Оның сөзінше, оқушылары түрлі деңгейде робототехника бойынша облыстық, республикалық жарыстарда көзге түсіп жүлделі орындарды алып жүр. Әр бала өз қиялындағы еркін тақырыпта роботын қағазға түсіріп, оның бөлшектерін құрап, әрі бағдарламасын әзірлейді. Өзінің арнайы бағыттайтын датчиктері бар. Мәселен, бірі түсті ажыратады, екіншісі кедергіні ажыратып, үшіншісі бөлменің температурасын ажыратады. Тек құрастырып қана қоймай, компьютермен бағдарлама жазады. Жарыс болса жарыстың ережесіне сәйкес қылып жазады. Бұл процесс баланың шыдамдылық төзімділігімен қатар зейініңде арттырады.

Робот баланың ойлау қабілетін жақсартып, өмірге деген қадамына сенімділік білдіреді. Соның нәтижесінде жас буынмен бірге еліміздің робототехника саласы да бой көтеруде. Адам өмірін жеңілдетуге арналған роботтарды күнделікті өмірде қолданатын уақыт та алыс емес.

Әсел Ибрагимова 


04 шілде 2023 ж. 381 0