Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Бәсекеге қабілетті жастар – ел мерейі»

«Бәсекеге қабілетті жастар – ел мерейі»


Жасөспірімдердің бос уақыттын тиімді пайдаланып, қабілет-қарымын шыңдап, зейінін арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Экононикасы дамыған озық елдің отыздығына енуді мақсат тұтқан еліміз жас өрендерді ерте жастан ғылымға, жаңа технологияға бейімдеуді үрдіске айналдыуда. Мұны Жаңақорған ауданына достық, әріптестік байналыс орнатуға келген Павлодарлық қонақтарға ұсынған мәдени-ақпараттық шаралардан аңғаруға болады.
Жаңақорған кенттік «Арман» мәдениет үйінің кіреберісінде тамашаланған аудандық балалармен мәдени-тәрбиелік жұмыстар орталығының көрмесі көптің қызығушылығын арттырды. Оқушылардың қолынан  шыққан бұйымдар көздің жауын алады. Бірінен-бірі өткен кереметтердің әрбір бөлшегіне аса мұқияттылықпен назар салған керекуліктер таңданыстарын жасырмады.
«Сәулет өнері» үйірмесінің оқушылары ұсын­ған ғажап ғимараттар дизайнерлік келбетімен көптің назарын аударды. Мұндай макетті жасау үшін ең алдымен сызбасын сызып, әрбір бөлшегін арнайы принтер арқылы шығарып, кесіп-кескіндеп, құрастырған екен. Геометриялық есепке жүйрік болуды қажет ететін бұл өнерге көпшілік жоғары бағасын берді.
– Мынау шатырыңыз нағыз Жаңа­қорғанға қажет деп санаймын. Көлеңкесін молынан түсіреді екен, – дейді Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Медет Тауасқан.
– Әрине, келешекте кенттің келбетін айшық­тауға өз үлесімізді қоссақ деген ойымыз бар. Бұл жобаларды әлі де жетілдіру керек, осы бағытта жұмыс жасаймыз, – деді үйірме жетекшісі Ербол Пернебаев.
ІТ және робототехника үйірмесінің 10 ро­боты таныстырылды. «Өрмекші», «Сумо», «Жол талғампазы» роботының мүмкіншілігіне тоқталған педагог Дастан Кадиров:
–Біздің үйірменің оқушылары құрас­тырған роботтар облыстық, республикалық байқауларда жоғары бағасын алды. Әр бала өз қиялындағы роботын қағазға түсіріп, оның бөлшектерін құрап, әрі бағдарламасын әзірлейді. Бұл процесс баланың шыдамдылығымен қатар, математика, инфарматика, геометрия, физика және ағылшын тілі пәнін терең меңгеруге жол ашады, – деді.
Осы тұста шәкірті Мейіржан Нұрдәулетұлы сөзге араласып:
– Біздің роботтарымыздың басты ерек­шелігі – телефон немесе компьютермен басқа­рылатындығында. Мысалы, мына «Өрмекші» роботында арнайы құрылғы арқылы телефонға басқару тетігі орналасқан, – деді.
Келген меймандар біздің ауданда робо­тотехника саласында ілгерілеу барын сөз етті. «Арман» мәдениет үйінің «Құм терапиясы» үйірмесі құмға сурет салудың түрлі тәсілін көрсетті. Бұл баланың ойлау қабілетін дамытса, екінші жағынан саусақ моторикасын жетілдіреді. Мұны іс жүзінде сезініп көрген қонағымыз Перизат Құрманәлі:
– Расында, құмнан адам ағзасына қажетті энергия алуға болады. Әрине, бұл өнер ретінде қарасақ, бұған да аса ептілік қажет екен, – деді.
Керемет көрмеден соң, мәдениет үйінің үйірмелерінің талантты жастары өз өнерін көрсетті. Мәдениет үйінің меңгерушісі Күлән Әбілтанова осы мекемедегі қызметкерлерінің еңбегімен таныстырды.
Көрермен залында қойылған «Шырғалаң» драмасы жастар арасындағы нашақорлық мәселесін арқау етті. Ынтымағы ұйып отырған отбасының іргесі сөгіліп, шаңырағының күйреуіне әкеліп соқтыратын қайғылы оқиғаны бүкпесіз бейнелеген өнерпаздардың өнеріне көрермендер ризалығын білдірді. Қойылымда өнер көрсеткендер мектеп оқушылары мен үйірме ұстаздары екенін айтуымыз керек.
– Біздің Успенка ауданы Ресеймен шекаралас, халықтың көбі орыс тілінде сөйлеседі. Біздің мақсат сол ауданның қазақ тілін байытып, қазақы салт-дәртүрлерді дамыта түсу. Меніңше, осындай қазақ тілді драма үйірмелерін ашып, насихаттасақ ұлтқа қызмет етудің озық үлгісі болары сөзсіз. Бәсекеге қабілетті жастар – ел мерейі. Біздің мерейімізді тасытқан жаңақорғандық жастардың талабына тамсана да, қызыға да қарадым. Республикалық театр ұйымдарынан бір мысқал да кем түспейтін сіздерді біздің ауданға келіп, осындай тамаша тағылымды туындыларыңызды көптің назарына ұсынуға шақырамын, – деп Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Медет Тауасқан жастардың өнеріне жоғары баға берді.
Мақпал МАРҚАБАЙ
06 шілде 2021 ж. 371 0